40 жылдан кейінгі тосын құбылыс
Автор: Әсем Қайратбек
05.12.2013
Ал желтоқсандағы үскірік аяз бен ақтүтек бораннан көз ашпайтын Шығыс Қазақстанда биыл керісінше болып тұр. Бүгін бұл өңірде сынап бағанасы бірден +10 градусқа жылыды. Өскеменнің орталық алаңына орнатылған жаңа жылдық шыршаның шырайы кетіп аяз болмағаннан кейін мұз қалашығы да қаңырап қалған.
Шығыс Қазақстанда күн райы соңғы рет 1978 жылы осындай тосын мінезін көрсетіпті. Дәл жаңа жылдың қарсаңында бірнеше күн қатарынан толассыз жаңбыр жауып температура 10 градусқа дейін көтеріліп тұр.
Валерий Хабаров, Өскемен қаласының тұрғыны:
-Мұндай ауа райы ұнайды. Бірақ, желтоқсанды қарсыз елестету қиындау негізі.
Синоптиктер бұл жағдайды қалыптан ауытқушылық деп отыр. Болжам бойынша, жуық арада өңірде аяз түсіп, қар жаууы екіталай екен.
Любовь Бухоярова, инженер-синоптик:
-Күн райының бұлайша құбылуы оңтүстіктен келген циклонның әсері. Сондықтан өңірде қазір сынап бағанасы + деген белгіні көрсетіп тұр. Онымен қоса, алдағы күндері тұрғындар қарды емес, жауын-шашынды күтсін деп ескертіп өткім келеді.
Орталық алаңға орнатылған жаңа жылдық шыршаның да биыл шырайы кетіп тұр. Жылдағыдай қалың қар баспай, жер әлі жіпсіп жатыр. Коммуналдық қызметтегілерге бұл кезекті демалыспен пара пар. Ақ ұлпа қармен арпалыс жоқ өйткені. Керісінше, күн райындағы бұл құбылысты олар қуана қабылдады.
-Әдетте, дәл осы уақытта қар белуардан түсіп, қала көшелерін арнайы қар тазалағыш техникамен аршып жататын. Ал биылғы желтоқсанда әлі де мынандай шағын қол сыпырғыштармен шахардың тротурарларды тазалу мүмкін болып тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!