{metadescription}
0:000:00
Еліміздің ең сұлу қызы анықталды

Еліміздің ең сұлу қызы анықталды

Еліміздің биылғы ең әдемі қызы – алматылық ару! Енді келер жылы «Әлем аруы» байқауында ел намысын 24 жастағы Айдай Исаева қорғайтын болады. «Қазақстан аруы - 2013» байқауының ақтық сынында былтырғыдай үлкен шу шықпағанымен іштей жіксіз өтпеді. Мәселен, былтырғы жеңімпаз Жазира Нұрымбетова жаңа аруға тәжісін табыс ету рәсіменен шектетілген.    

Бұрынғыдай емес, биылғы гауһар тәжді тағуға үмітті қыздар саны еселенген. «Әділ жеңіске жетпеді» деп сайыстан шектетілген Тараз бен Қызылорда аруларын қоспағанда 25 қыз қатысты.

 «Ұлттық нақыш жоқ» деп жылда сынға ілігуден жалықты ма, ұйымдастырушылар биыл байқауға өздерінше қазақи мән беруге тырысыпты. Ұлттық киімдегі қыздар жігіттерге шай құйған көріністі қосқан.

Алена Ривлина, «Қазақстан аруы» байқауын ұйымдастырушы:

-Бикини сайысы жоқ. Биыл оны мүлдем алып тастауды ұйғардық Сөйтіп, ұлттық нақыштағы киім үлгісін көрсететін бөлімді қостық. Меніңше әдемі шықты.

Десе де байқауға енгізілген бұл жалғыз өзгеріс емес. Мәселен, жеңімпазды анықтау жүйесі ауысқан. Бұрың хас сұлуды көпшілік СМС дауыс беруі арқылы таңдаса, биыл бұл міндет толығымен Құралай Нұрқаділова бастаған қазыларға жүктеліпті. Сөйтіп, ұзаққа бармай басты сұлудың есімі де аталды.

Өздеріңізде байқағандай, Айдай Исаеваның басына тәжді былтырғы сұлу - Жазира Нұрымбетова таққан жоқ. Былтырғы шудан кейін ару бұл құрметтен мүлдем шектетілсе керек. Әлеуметтік желіде Шымкенттік сұлудың жеңісті сатып алғаны айтылып, жұрт біраз дүрліккен еді. Тіпті соңында Мәскеуде өткен «Әлем аруы» байқауына Жазираның орнына «Алматы ару» атанған 18 жастағы Әйгерім Қожахан барып қайтты. Алайда «сөзге қалдым екен» деп жүрген бойжеткен жоқ.

Жазира Нұрымбетова, «Қазақстан аруы – 2012»:

- Ешқандай реніш жоқ. Ұйымдастырушылар биыл сценарийді толық өзгерткен. Сондықтан тәжді мен кигізгем жоқ. 

Ал байқаудың өзге жеңімпаздарына келер болсақ, биыл бірінші вице-миссі – көкшетаулық Лаура Шамғұнова атанды. Екіншісі – алматылық Вера Душина, үшіншісі орын – Қарағандыдан келген Диана Кеңесоваға бұйырды.

Айдай Исаева, «Мисс Қазақстан -2013»:

- Бұл сайыста жеңемін деп ойлаған жоқпын. / Барлық қыздар әдемі болды. Өздеріне сенімді, таланттарын көрсете алды.

Айдай Исаева енді келер жылы әлем аруы байқауында қазақ намысын қорғамақ. Егер тағы шатақ шығып жатпаса.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде