{metadescription}
0:000:00
Түрмедегілерге ақша аударуға болады

Түрмедегілерге ақша аударуға болады

Абақтыда да ақша айналады! Солтүстік Қазақстан облысының түрмелерінде жазасын өтеп жатқандарға тәжірибе ретінде арнайы есеп-шоттар ашыла бастады. Сотталғандардың туыстары енді осының арқасында шалғайдан сол шотқа ақша аудара алатын мүмкіндік алып отыр. Бұл қаржыға жазасын өтеушілер түрмеде ашылған дүкеннен керек-жарақтарын алады. Егер тәжірибе табысты болса, бастама еліміздегі барлық колонияға енгізілмек.     

Қарлығаш  Қосыбаева,  жазасын өтеуші:   

- Менің ойымша тауардың түрі көп болса, айтады ғой ассортимент деп керекті нәрсенің бәрі болса болады. Біз үйдегі адамдарды қиналтпай осы жерден алып отырсақ жақсы болар еді.

Тәжірибе енді енгізіліп жатқандықтан дүкендегі тауар түрі де, оған келушілер саны да қазір көп емес. Алайда, сотталғандардың барлығына есеп- шот ашылған соң, дүкеннің жұмысы қызатындығына мекеме басшылығы сенімді. Есеп-шот оларға тегін ашылады екен. Оған түрмедегілердің алыста тұратын туыстары кез-келген банктен, не пошта арқылы ақша аударып отырады. Сондай-ақ, жазаланғандардың түрмеде отырып тапқан табыстары да осы шотқа жиналады. Сырттан келетіндердің тыйым салынған заттарды алып кіруіне тосқауыл қою үшін түзету мекемесінің басшылығы әдейі осындай қадамға барыпты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде