Тойдың соңы төбелеспен аяқталды
Автор: Бек Әби
06.12.2013
Шымкентте кісі өлімі ауылдастар арасына жік түсірді. Бір топ жерлес тойда жүрген жігіттің бірін жабыла сабап ақыры пышақтап өлтірген. Қаскөй сол түні-ақ із суытып, қалғандары түк болмағандай жүр екен. Ал марқұмның жақындары жергілікті полицейлердің бейқамдығына наразы. Қылмыскерді ұстау қолдарынан келмесе, кінәлінің «жазасын өзіміз береміз деп ашынып отыр.
Ай-күннің аманында Зайымоғлылар отбасы 23 енді толған баласынан айрылып қалды. Тойға барған Мүслім көңіл көтеріп жүріп 19 жастағы ауылдасы әрі алыс туысы Пірәлімен шекісіпті. Сөзге келмей жұдырық ала жүгірген Пірәліні жиындағылар әрең ажыратып алған. Бірақ сол күні түнде әкесі мен таныстарын ертіп келіп, Мүслімді үйінен шығарып алып сабапты. Кейін пышақтап өлтірген.
Мұқсат Мамедов, оқиға куәгері:
- Олар пышақтады да, көлікпен қашып кетті. Пышақтарын тастап кетіпті.
Ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген Мүслім 4 сағаттан соң қайтыс болған. Артында әйелі мен ұлы қалды. Ал, пышақ салған Пірәлі болса қашып жүр. Жабылғандардың басқасы да ұстатпаған. Енді қызуқанды Мүслімнің достары мен туыстары егер әділдік орнамаса оны өзіміз жазалаймыз деп желпініп отыр.
Сүннет Нәбиев, Мүслімнің қайын атасы:
-Бұл ауылда ол кісілерден зардап шекпеген ешкім қалмаған. Сазайын беруге дайынбыз. Бірақ балаларды зорға ұстап тұрмыз. Білмеймін өкімет жазасын бермесе білмеймін. Қиын болады.
Полицейлер болса пышақ салған Пірәліге ғана қылмыстық іс қозғаған. Қашқынды ұстау үшін біраз уақыт керек деп отыр.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Күдікті азамат оның тұлғасы белгілі, ол жәбірленушіге алыс туған болып келеді. Қазірде ол іздеуге іздеуге жарияланған. Ал, негізінде басқа осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен азаматтардың барлығының тұлғасы белгілі.
- Ал, төбелеске қатысқан басқа да адамдардың аты-жөні белгілі.Енді оларда шатылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!