{metadescription}
0:000:00
Жолсеріктер  вокзалда шу шығарды

Жолсеріктер вокзалда шу шығарды

«Қазақстан теміржолы» компаниясының жалпақ жұртқа жар салған жобасынан ши шықты. Жолсеріктердің жағдайын жақсартамыз деп қолға алған сынақтары керісінше теміржолшылардың ашу-ызасын тудырып отыр. Күні-түні бел жазбай жұмыс істеген олар бүгін Ақтөбеден сапарға шығар алдында барлығы бас қосып базынасын жеткізді. 

-  «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «3/2» деп аталатын  жобасы жолсеріктердің титықтатқан. Олар сапалы қызмет көрсетпек түгілі, қазір денсаулығымыз сыр берді деп отыр.

Жиырма жылдан астам шойын жолда қызмет етіп келе жатқан Дәметкен Үсенова жолсеріктердің жағдайын жақсартуға бағытталған жобаны қолдағандардың бірі еді. Қазір керісінше бейнетке белшеден батып отырмыз деп күйінеді.

Дәметкен Үсенова, жолсерік:

-Жалғыз өзіміз түсіреміз. Жалғыз өзіміз шығарамыз. Тіпті мұз оямыз Сол жалғыз өзіміз жүреміз. Өзімізге осы жерде қиын.

Жобаны ұсынған кезде ұлттық компания өкілдері тазалық жұмыстарымен енді жолсеріктер айналыспайды деп қуантқан. Сонымен қатар екі вагонда үш адам кезекпен жолаушыларға қызмет көрсетеді деп шешіпті. Бірақ айтқандарында тұрмай керісінше жалғыз жолсерікке күні-түні бел жазбай жұмыс істеуге тура келген. Бұл әсіресе төрт тәулік бойына Алматыға қатынайтын ақтөбеліктерге қиын тиіпті.

Төребек Ысқақов, жолсерік:

- Үлгере алмай сонымен әйтеуір шамалы ұйықтап. Жүрекке де әсері болады. Ұйқымызға да әсері болып жатыр. Шамалы ұйықтап барып келеміз Алматыға. Жолға төтенше қауіпсіздікке қиындау болып тұр.

 «Қазақстан теміржолы» өкілдері болса жобаны бір айдан соң сынақтан өткізіп боламыз деп отыр. Бірақ құзырлы министрліктерге де бұл бастаманы әлі күнге дейін бекітпек түгілі ескертпепті де. Әйтсе де, наразылық білдірген жолсеріктерді игі іске қарсы деп жазғырып отыр.

Бақытжан Жалбақов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс филиалы директорының орынбасары:

- Жолсеріктердің еңбектерін жеңілдету үшін жұмысын жеңілдету үшін істелген зат. Енді соның қортындысын шығарады. Желтоқсанда  бітеді. Қортындысы бойынша бекітеді ма, бекітпейді ма көреміз.

Қаншама ай бойы жалғыз жүріп екі адамның жұмысын істеген кейбір жолсеріктерге бүгін үстеме төленіпті. Ұлттық компания басшылары жұмысты енді барынша жеңілдетеміз деп ант-су ішті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде