{metadescription}
0:000:00
Тірісінде аңыз адам атанған қайраткер  дүние салды

Тірісінде аңыз адам атанған қайраткер дүние салды

Бүгін 20-шы ғасырдың көрнекті өкілдерінің бірегейі, тірісінде аңыз адам атанған Нельсон Мандела 95 жасында өмірден өтті. Ұлтының бостандығы үшін талмай күресіп адам құқын қорғаудың әлемдік символына айналған қайраткер, көптен бері өкпесі қабынып ауруханада жатқан. Ақыры беті бері қарамастан бақилық болды.

-Мен ақ нәсілділердің біздің қоғамды қорлауына қарсы күрестім. Және қара нәсілділердің де шектен шығып басынып кетпеуін қадағаладым.

Әлемді өзгерткен жан нәсілдік қақтығыс деген түсінікті төңкерген тұлға қара нәсілді ортадан оза шауып бүкіл жаһанды қайратымен қаратқан қайраткер! Нельсон Мандела туралы мұндай мадақ сөздер көзі тірісінде де талай айтылған. 1918 жылы Оңтүстік Африканың Куну ауылында дүниеге келген ол қара нәсілді қауымның құқығы үшін күресті 25 жасында бастады. Сол үшін де 27 жылын темір торда өткізсе де мойыған жоқ. Күресін қайта жалғастырған Мандела 1994 жылы Оңтүстік Африка Республикасының қара нәсілді алғашқы президенті болып сайланды. Қара және ақ нәсілділерді қарусыз теңестіргені үшін Нобель сыйлығын алды. Оңтүстік Африка елі марқұмды қимастықпен еске алып, бір аптадан соң өтетін жерлеу рәсіміне жалпы ұлт болып дайындалуда. Манделаның өз қалауы бойынша ол туған ауылы Кунада жерленбек. Сол кезге дейін Оңтүстік Африкада қаралы күн.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде