{metadescription}
0:000:00
«Астана арландары»  тағы жеңіске жетті

«Астана арландары» тағы жеңіске жетті

Бүкіләлемдік бокс сериясының «В» тобында  «Астана арландары» мен «Cuba Domadores»клубтары өзгелерге дес бермей тұр. Командалық жарыстың статикасына үңілсек,   үш кездесуде тоғыз ұпай жинаған кубалық қара маржандар 15 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Өз кезегінде екінші орынға жайғасқан арландар 15 кездесудің  он бірін ұтқан.

Үшінші турда «Астана арландары» Алматы шаршы алаңында 4:1 есебімен «Mexico Guerreros» клубын тізе бүктірді.

Бізден Бостандық аралының өкілдері де қалысқан жоқ. Олар  Гаванада «Russian Boxing Team» ұжымын 5:0 есебімен ойсыратты. Енді лидерлер арасындағы бәсекені  асыға күтетін боламыз. Ол күн де алыс емес.  «В» тобындағы орталық матч 13-желтоқсан күні Алматыда өтеді. Бетпе-бет   матчқа қатысатын  боксшылар жұбы  да белгілі.

52 кг: Мирас Жакупов (Қазақстан) - Херардо Сервантес (Куба)
60 кг: Жандос Момынов (Қазақстан) - Ласаро Альварес (Куба)
69 кг: Бахытжан Қожабеков (Қазақстан) - Ариснойдис Диспейн (Куба)
81 кг: Хрвое Сеп (Хорватия) -Хулио Сезар Ла Крус (Куба)
91 кг: Руслан Мырсатаев (Казақстан) -- Хосе Анхель Лардует (Куба).

 

Аустрияның ХОХ ФИЛЬ ЦЕНІНДЕ биатлоннан Әлем кубогы үшін жарыстың екінші кезеңі мәресіне жетті. ХОХ ФИЛЬ ЦЕНДЕГІ  кезеңнің соңғы күні биатлоншылар пасьют яғни  қуалай жарысудан сынға түсті. Мылтық асынған әйелдер додасында  тек бір нысананы жаба алмаған норвегиялық Синневе Солем даль үздік шықты.

Жеңімпазға 11,5 секунд ұтылған   украйналық  биатлоншы Юлия Джима екінші орынды иеленді. Пасьюттің қола жүлдесі  поляк қызы  Кристина Палканың еншісінде. Ал, Екінші және үшінші орындарды  бөліскен  Юлия Джима мен Кристина Палка нысана көздеу секторында мергендікпен көзге түсті. Олардың атқан  оқтары түгел діттеген жерден табылды.  Ерлер бәсекесінде Әлем кубогының былтырғы жеңімпазы француз Мартен Фуркад топ жарды. Ол өзімен үзеңгі қағыса жарысқан Норвегия құрамасының жұлдыздары   Эмиль Хегле Свендсен мен Тарье Бені артқа тасады. Әлем кубогының үшінші кезеңі 13-желтоқсан күні Францияның Анси қаласында жалғасын табады. 

 

40 жыл бойы өз алаңында “Ньюкаслға” жеңілмеген “Манчестер Юнайтед” Англия премьер лигасының 15-ші турында қонақтарға есе жіберді. Соңғы қос матчта бірде-бір ұпай алмаған Дэвид Мойес шәкірттері қазір турнир кестесінде 9-шы орынға сырғыды.

Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Алма кезек шабуылмен өткен екінші таймда Иоан Кабай мергендігімен көзге түсті. Қалған уақытта есеп өзгерген жоқ. Англия чемпионатында әзірге 35 ұпаймен лодондық “Арсенал” көш бастап тұр. Ал Бундеслиганың белді командаларының бірі дортмундттық “Боруссия” биыл чемпиондықтан қол үзген сыңайлы. Кезекті айналымда ливеркузендік “Байерден” ұтылған дортмундттықтар мюнхендік “Бавариядан” 10 ұпай қалып,  үшінші келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.