{metadescription}
0:000:00
Бейбіт Ыстыбаев моңғол палуанын алып ұрды

Бейбіт Ыстыбаев моңғол палуанын алып ұрды

Алыптар айқасында қазақ палуандарына тең келер қарсылас табылмады. Сегіз елдің серкелері сынға түскен халықаралық «Еуразия барысы» додасында ұлттық құрама бірінші орынды иеленді. Қарсыластар да осал  емес, аты әлемге мәшһүр спортшылар. Дегенмен олардың атақ-даңқы біздің барыстардың мысын баса алмады.

Әулиеата жерінде өткен «Еуразия барысы» турниріне 8 мемлекеттен 40 спортшы қатысты. Жеребе бойынша боз кілемге бірінші Қазақстан мен Иран спортшылары шыққан. Алайда парсы палуандары тегеурінді қарсылық көрсете алған жоқ. Есеп 5-0. Ширек финалда Тәжіктермен кездескен біздің құрама оларды да ойсырата ұтып, алға шықты. 

-Алғашқы айналымның өзінде Моңғолия құрамасы Қазақ палуандарының басты қарсыласы екені белгілі болды. Оларда біздің жігіттердің ерлігін қайталап, жауырындары жерге тимей келді. Боз кілемге шыққандарына мүмкіндік бермей ойысара ұтып жатты. Ақыры осы екі азулы команда финалда кездесті. 

60, 70 келідегі екі палуанымыз қарсыластарын жылдам жықты. Ал, 80 келі салмақтағы Ерсін Мұхамеджановқа моңғол палуанымен біраз арпалысуға тура келді. Ақыры қоян қолтық белдесуде, қазақ барысы моңғолдың жауырынын жер иіскетті. 90 келі салмақтағы тартыста да, арагідік түсініспеушіліктер болып тұрды. Екеуі тең түскенімен, Мұхит өз жеңісін қандасымыздың қанжығасына байлады. Ал, шешуші сайыста үкілеп үміт артқан Бейбіт Ыстыбаев 200 келіге жуық салмағы бар Сұңғаржарғал Болдпурды алып ұрды. Есеп 4-1.

Бейбіт Ыстыбаев, «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы:  

-Жанкүйерлер Қазақстан, Бейбіт деп айғайлап, соның көп көмегі тиді деп ойлаймын. 1-2 ай бұрын жаттығуда жүргенде Монғолды арқасымен жерге тигізсем деп айтып жүретінмін, арманым бар еді, бүгін орнындалды ғой.

Сұғаржарғал Болдпур, Монғолиялық палуан:

-Бейбіт бұған дейін де мені жаттығу кезінде жеңген болатын. Бұл жолы ұтамын деген сеніммен келген едім, аяқ астынан алып жықты. Ол мықты палуан.

Сонымен командалық есепте бас жүлдені Қазақстан құрамасы жеңіп алып, 50 мың долларды олжалады. Екінші орын манғолдарға бұйырса, рессейліктер тұғырдың үшінші сатысында. Айта кетейік, «КТК» арнасының қолдауымен өткен турнирді 120 мамлекет тікелей эфир арқылы тамашалады. Ұйымдастырушылар, енді «Әлем барысын» өткізуді жоспарлап отыр.  

Арман Шораев, Қазақ күресі федерациясының президенті:

-Мынау «ЭКСПО -2017» келе жатыр ұйымдастырушылар бізден сұрап жатыр, әлем барысын өткізесіздер ме деп.Мен ойлаймын әлем барысын өткізу бізге қиынға түспейді. Құдайға шүкір қызығушылық бар.

Апайтөстер айқасын арнайы көруге сумодан әлемнің 25 дүркін чемпионы Фукуока Асаш та арнайы келген. Аты аңызға айналған палуан Бейбіт Ыстыбаевқа турнирдің ең үздік палуанды ретінде өзінің бейнесі қашалып салынған шағын ескерткішті сыйға тартты. Сондай-ақ, жанкүйерлер арасында ойнатылған лоторея жеңімпазы атанған Жуалының тұрғыны дүбірлі додадан көлік мініп қайтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде