Елеусізов Есімовты жекпе-жекке шақырды
Автор: Олжас Байжан
09.12.2013
Күл-қоқыс үшін талас күшейе түсті. Эколог Мэлс Елеусізов пен Алматының шенділері шағын қоқыс өңдейтін цех үшін жаға жыртысуға дайын. Бүгін Елеусізов Есімовті жекпе-жекке шақырып, өзара мәселені шешуге шақырды. Бұған 9 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорынды атқамінерлердің аяқ асты жабуы итермелесе керек. Экологтың бұл жолы ашуы қатты.
Тек бір күннің ішінде тау болып үйіліп қалған мына қоқыс қала ортасындағы шағын сұрыптау цехы жұмысын тоқтатқанының салдары. Ал таңның атысымен барлық қызмет өкілдерін жинаған аудандық әкімдік пен цех жұмысшылары күл-қоқысқа таласумен жүр.
- Қалай жинауды қойды, қоқыс үйіліп қалды
- Естеріңе сақтаңдар. Қоқысты тек «Тәртіп» мекемесі шығарады. Айтым бітті.
– Қоқыс үшін талас басталды. О, тоба демократия !
Тартысқа түскен 400 шаршы метр аумақ 2005 жылы сынамалы жобаны іске асыру үшін берілген екен. Қоқысты сұрыптап, пластик, қағаз және темір-терсекті бөлу арқылы шығарылатын жарамсыз заттардың үлесі 3,5 есе азайған. Бірақ әкімдік енді жапқалы отыр. Айтуларынша, тұрғындардан шағым көбейіпті. Орнына ендібалалар алаңын салмақшы екен.
Виктор Ким, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары:
-Біз бұл аймақта жерасты контейнерлерді орналастырып, балаларға ойын ауласын тұрғызамыз. Осы жұмада тұрғындармен кездесіп, өз жобамыздың сызбасын көрсетуді көздеп отырмыз. Барлығы көпшіліктің қалауы бойынша жасалуы тиіс.
Ал Мэлс Елеусізовтың өзі мұны әкімдіктің «тапсыры» деп отыр. Бұған дейін де атқамінерлердің ісін алаяқтыққа балап, қыруар қаржыны қалтасына басатынын айтқан эколог райынан қайтар емес. Бұл жолы ашуы тіпті қатты.
Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:
- Комиссия шығарды, 37-жылды қайталады. Адамдарға айтады айдақтап, арыз жазыңдар деп. Бес рет келді үлкен комиссия. Ішінде барлығы бар. Оның мақсаты мені құрту. Мына алаңды құрту. Халыққа тимей екі адам шығады. Күш сынасады да, сонымен аяқталады. Мен сол Есімовті шақырып тұрмын. Ер болса шықсын.
- Осы цех тұрғындарға қаншалықты қажетті екенін көрсету үшін оның жұмысы Мэлс Елеусізовтің қалауы бойынша уақытша тоқтатылған. Сондықтан жүзден астам көпқабатты тұрғынүйдің иелеріне мына бес контейнерлерді пайдалануға тура келеді. Бірақ бұның аздық ететіні айдан анық. Ал табиғат жанашыры мен қала әкімдігінің қоқыс алаңы үшін өрбіген тартысы енді қақпа алдында емес, сот залында жалғасын таппақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!