Әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды
Автор: Саят Сабдалы
09.12.2013
Ал Қарағандыда әскери міндетіп өтеп жүрген сарбаз асылып өлді. 19 жастағы жігіт үйіне оралуға екі-ақ күн қалғанда өзіне қол жұмсаған. Марқұмның денесі туған жері Батыс Қазақстан облысына жеткізілгенімен, жақындары оның суицидке барғанына сенбей, денені қайтадан сараптамаға берген.
Бекжан Бауыржанов әскери борышын толығымен аяқтағанымен үйіне қара табытпен қайтты. Баламен бірер күн бұрын ғана тілдескен туғандары жолына деп 10 мың теңге салыпты. Бірақ өлерінен бірер сағат бұрын әжесіне қоңырау шалып, сол ақша үшін басы бәлеге қалғанын айтқан.
Бауыржан Қазмағамбетов марқұмның әкесі:
-Мама бүгін алдым ақшаны алдым. Мама айқай басталды сол үшін мама кешірім сұра кешірім сұра деп айқайлайды. Мама мама деп үш рет айқайлайды сосын үзіліп кетеді.
Әскери қолбасшылық Бекжанның өзіне қол жұмсағананына күмән жоқ дейді. Оқу жаттығу бөлмесіне жалғыз кіріп, қайтып шықпағаны бақылау камерасына түсіп қалған. Оның өз белбеуіне асылып тұрғанын қатарластары тауып алыпты. Әскерилер туыстары айтқандай ақшаға байланысты арада дау туындаған жоқ деп отыр.
Қанат Дос, ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің «Орталық» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз хатшысы:
-Киім- кешек алуына үлерінен ақша сұрату болып тұрады. Бірақ ол жерде он мың теңге үшін ондай бір- біріне қол жұмсады деген фактілер қарастырылды. Тексерістер жүріп жатыр. Бірақ, ондай фактілер анықталған жоқ.
-Әскери басшылықтың айуынша, қатардағы Бауыржанов аталған әскери құрылымдағы психолог кабинетінде тіркеуде тұрған. Мінез- құлқының құбылмалылығына байланысты. Сондықтан ол қару қолданатын жаттығулар мен күзет жұмысынан шеттетілген екен. Дегенмен, әскери борышын әйтеуір өтеп, бірер күнде туыстарымен қауышқалы отырған баланың өліміне нақты не себеп болғанын тергеу анықтауы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!