{metadescription}
0:000:00
“Алтын доп" кімге бұйырады?

“Алтын доп" кімге бұйырады?

Шотландияның «Дам фрисінде» 1-ші дивизиондағы жастар құрама командалары арасында әлем чемпионаты басталды.  Өз тобындағы алғашқы ойынды Украйнаға қарсы өткізген жастарымыз ірі есеппен жеңіске жетті.

Бәсекені ширақ бастаған Сергей Старыгиннің шәкірттері алғашқы үзіліске дейін украйналық құрдастарын  төрт рет қапы қалдырды. Мұнымен шектелмеген жерлестеріміз матч соңына дейін  қарсыластарын тағы үш рет ойынды ортадан бастауға мәжбүр етті.  Негізінен « Молодая Гвардия» және «Кеременчуг» клубтарынан жасақталған Украйна құрамасы тек қос шайбамен жауап қайтара алды. Қорытынды  есеп 7:2.  Бүгінгі  жеңіске Нұрлан Қабиев,  Мадияр Ыбырайбеков,  Иван Кинстлер және Никита Михаилис секілді хоккейшілеріміз қомақты үлестерін қосты. Ертең еліміздің жастар құрамасы Ұлыбританиямен кездеседі. 

 

Бүгін чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы айналымы. Д-тобында плей-офф бәсекесіне жолдама алып қойған “Бавария” мен “Манчестер Сити” өзара мықтыны анықтамақ.

Ал В-тобының орталық матчында “Галатасарай” Стамбулда “Ювентусты” қабылдайды. Туриндіктерге келесі кезеңге шығу үшін тең есепте жеткілікті. Ал түркиялық командаға тек жеңіс қажет. Қос команда да маңызды матч алдында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Италиялықтар ішкі чемпионаттың соңғы жеті матчында жеңіске жеткен. Бірақ Антонио Конте арқаны кеңге салу ерте деп отыр. “Ювентус” сапында жарақатынан айықпаған жартылай қорғаушы Андреа Пирло ойынға араласа алмайды. Плей-офф жолдамасы кімге бұйыратынын сіздер түңгі сағат 00:45 те біздің арнадан тікелей эфирде көре аласыздар.

 

Леонель Месси 5-ші рет қатарынан әлемнің үздік футболшысы бола ала ма?! ФИФА “Алтын доп” номинациясы бойынша мәртебелі атаққа лайық деген үштікті анықтады.

Ол тізімге биыл да аргентиналық шабуылшы кіріп отыр. Бірақ мамандар бұл жолы Месси басты үміткер емес деп отыр. “Барселона” ойыншысынан бөлек биыл португалдық Криштиану Роналду мен француз Франк Рибери де әлем үздігі атануға лайық деп танылыпты. “Реал” шабуылшысы командасымен айтарлықтай табысқа жетпесе де, өз құрамасын әлем чемпионатына алып шықты. Ал Рибери осы жылы мюнхендіктерге чемпиондар лигасы, бундеслига, германия кубогы мен еуропаның суперкубогын жеңуге зор үлес қосқан. Әлемнің үздік футболшысының есімі 13-ші қаңтарда белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде