Барахолкада тағы шу шықты
Автор: Елгүл Нұғман
10.12.2013
Алматыда тағы барахолка саудагерлері шу көтерді. Өртенген базарлардан жаңасына көшірілгендер сауда орны әкімшілігінің әрекетіне наразы. Алғашқы айда сауда орынын тегін пайдалануға келісім жасағанымен күзетке, қоқысқа деп ақша жинау басталыпты. Оған келіспегендерге орынды босатыңдар деген талап қойған.
- Біз контейнерлерді босатпаймыз. Біздің жұмыс істеуімізге мүмкіндік бермей жатыр.
Өткен айдағы алапат өртте бар тауарынан айырылған сатушылар «алғашқы бір айда жалдау ақысын төлемей жұмыс жасайсың» деген жарнамаға сеніп келген едік деп отыр. Тіпті келісім-шарт та жасасқанымен тегін деген тек сөз жүзінде қалған көрінеді. Енді әрқайсы ай сайын күзет пен қоқыс ақысын төлеуі тиіс. Талаппен келіспегендерге базар әкімшілігі кетіңдер деген. Оған қоса саудасы жандана бастаған 53 контейнер жоғары кернеулі электр торабына жақын орналасқан деген желеумен тағы бұзылмақшы екен.
Сухраб Шәріпов, саудагер:
–Бас директор «бұл біздің жеке меншігіміз. Егер қойған шартымызға келіспесеңдер базардан кетіңдер» деп отыр. Мен енді ғана жұмысымды жүргізіп қарыздарымнан құтыла бастағанда әлі салынып бітпеген базарға қуып жатыр. Онда қазір ешкім жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!