{metadescription}
0:000:00
Жаңа жылдан соң өсетін зейнетақыға қариялардың көңілі толған жоқ

Жаңа жылдан соң өсетін зейнетақыға қариялардың көңілі толған жоқ

Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы мөлшері 9 пайызға өсетін болды. Бір айта кетерлігі, бұл көрсеткіш 9 мың 330 теңгеге белгіленген негізгі бөлікке де және еңбек өтілі үшін берілетін сомаға да қосылмақ. Алайда зейнетақының өсуіне қуанысып жатқан қариялар қатары аз. Өйткені зейнетақы өскенімен азық-түлік ақысының қымбаттап кететін әдеті бар. 

1-ші қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға өседі. Бұл әр жыл соңында Үкімет жария ететін жағымды жаңалықтарының бірі. Биыл да әдеттен жаңылған жоқ. Тіпті бұл жаңа жылдан бастап зейнетке шығатын адамға да қатысты екен. 

Фарида Бөкежанова, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары:

- 2014 жылдан бастап, жаңадан зейнетке шығатын адамдар жалақылары мен жұмыс мөлшерлері есептелетін болады. Ол үшін өтініш жасаған адамның жалақысы есептік көрсеткіштің 39 есесінен аспауы тиіс. Ол 72 мың 822 теңгені құрайтын болады. 

Жалпақ тілде жеткізсек, өзгеріс төмендегідей кестеге сәйкес. Мәселен, сіз орта есеппен 40 мыңге зейнетақы алып келдіңіз дейік. Оның 9 мың 330 теңгесі негізгі бөлігі, ал қалған 30 мың 670 теңге еңбек өтіліміңіз бен өзге де қосымша көрсеткіштерге сай қосылған. Енді 9 пайыз өсіммен қолыңызға тиетін сома 43 мың 413 теңгені құрамақ. Ескерте кететіні, 9 пайыздық өсім екі көрсеткішке жеке-жеке қосылыпты.

Әрине, 3 мың 413 теңген ауыз толтырып атарлықтай ақша емес. Сондықтан бұл жаңалыққа қуанысқан қарттар қатары шамалы.

Ирина Савостина, зейнеткер:

-Анау-мынаусын қосқанда дұрыс өмір сүру үшін зейнеткер кемі 60 мың теңге зейнетақы алу тиіс. Ал бізде ең көбі 54 мың алады. Жылда 9 пайызға өсіріп Үкімет алдайды. Егер азық-түлік бағасын да қымбаттатса, онда несіне өсіреді?!

Жаңа өсімге қатысты тағы бір айта кететін жәйт, бұл 9 пайыз 98-ші жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтардың зейнеақысына да қосылып отыр. Өйткені жаңа реформаға сай олар да «Бірыңғай зейнетақы жүйесіне» кірген.

Жанар Төлегенова, «Ұлттық біріңғай зейнетақы қоры» АҚ басқарушы директоры:

-11-ші қазаннан бастап зейнетақы қорларын біріктіру жұмысы жүріп жатыр. Қазір «Република», «Отан», «Капитал» және «Атамекен» қорының активтері қабылданып бітті. Алда тағы 7-уі тұр. Содан кейін салымшылардың келіп, зейнетақы жөнінде толық ақпарат алуына болады.

Жоспарға сай бірігу жүйесі сәуір айында аяқталмақ. Десе де әзірге белгілісі жаңа реформаға сай болашақ зейнеткерлердің салым қорындағы ақшасын бірден алыуына немесе бөліп ай сайын алып отыруынада таңдау жасалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде