Байқоңырға қатысты жаңа келісім жасалмақ
Автор: Ербол Сейілхан
10.12.2013
Астана мен Мәскеу Байқоңырға қатысты жаңа келісім жасамақ. Алдымен тараптар ғарыш айлағын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспарын бекітіп алмақшы. Тиісті құжатты талқылау үшін бүгін Елордаға Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары ұшып келді.
Ғарыш пен қорғаныс саласына жауапты вице-премьер Дмитрий Рогозинді алдымен Елбасы қабылдап қордаланған түйткілдерді талқылады. Кездесуде 2-ші шілдеде құлаған «Протоннан» келген 14 млд теңге өтемақыны өндіріп алу мәселесі қозғалды ма, жоқ па, бұл жағы белгісіз. Бірақ біздің Үкімет Байқоңырдан қоршаған ортаға зияны жоқ зымырандардың ұшуын талап етпек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!