{metadescription}
0:000:00
Спорттағы саңлақтарымыздың жеңісі

Спорттағы саңлақтарымыздың жеңісі

Қарағандылық “Шахтер” Еуропа Лигасының топтық кезеңін сәтсіз аяқтады. Соңғы айналымда израильдің “Маккаби” командасына қарсы ойнаған кеншілер 2:1 есебімен жеңілді.

Бірінші таймда Виктор Кумыков шәкірттері қарсы қақпа алдында бірнеше шабуыл ұйымдастырған. Үзіліске дейін “Маккаби” қақпасына пенальти белгіленді. Айып алаң ішінде Геворк Казарянға қарсы тәртіп бұзылған. Нүктеге жақындаған Рохер Каньяс есеп ашты. Екінші таймның 60-шы минутында Хайфадағы стадионның жарығы 10 минутқа өшіп қалды. Сәлден кейін қайта жанданған бәсекеде “Маккаби” есепті теңестіріп қана қоймай, жеңіс голын да соғып кетті. Естеріңізге сала кетсек біздің топтан грекияның “ПАОК” және голландияның “АЗ” командасы келесі кезеңге жолдама алған болатын.  

Трентинода   26-шы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары басталып кетті.  Ел қоржынына алғашқы медальдарды шаңғышылар салып берді. Скиатлон бойынша 10 шақырымға жарысқан әйелдер арасында Татьяна Осипова алтыннан алқа тақса,  осы жаттығудан сынға түскен ерлер бәсекесінде Марк Старостин күміс жүлде иеленді. Дәл осы сағаттарда  студенттер тау шаңғысы спортынан  жарысуда. Шаңғымен құлдилап сырғанаудан ел намысын Мартин Хубер, Всеволод Борзенков, Александр Костров және Никита Калюжнов қорғауда. 

Тай елінің төл өнері  муайтай,   өте қатал да қауіпті  және күрделі жекпе-жектердің бірінен саналады. Осыған қарамастан  алматылық  Сембек Райымбек, 17 жасында  ересектер арасында ел кубогының жеңімпазы атанды.

Жақында Алматыдағы № 17 балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің түлегі тағы бір үлкен белесті бағындырды. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Еуропа чемпионатына қатысқан Сембек, 60 келі салмақта күміс медаль олжалады. Жалпы біздің тайбоксшылар кәрі құрлық додасынан қос алтын, төрт күміс және екі қола еншілеп қайтты. Жас таланаттардың бағын ашып жүрген әйгілі тайбоксшы, әлем чемпионы   Алмас Сақаев, шәкірттері  Сембек Райымбек пен Рауан Досбаевтың  болашағына үлкен үмітпен қарайды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.