Еліміздің бас есепшісі анықталды!
Автор: Альбина Асхат
13.12.2013
Бүгін еліміздің ең үздік бухгалтері анықталды. Бұл атаққа лайық есепшінің біліктілігін мамандар үш ай бойы саралаған екен. Осы сайыста үздік атанғандары бүгін Алматыда марапатталды.
Бұндай кәсіби конкурс Қазақстан бойынша тұңғыш рет өтуі. Сондықтан қатысушылар да көп. Бірақ сайыстың аты сайыс. Тек белсенділік танытып қана қоймай, біліктілігін дәлелдеген 193 үміткер іріктеліпті. Соның ішінде «салық, телефон, есеп-қисап кеңесшісі» сынды түрлі номинациялар ерекше аталып өтті. Бас жүлдені қанжығасына байлаған есепші - Светлана Ешимова енді Парижге жолдасымен бірге барып қайтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!