«Беймәлім Қазақстан»
Автор: Елгүл Нұғман
13.12.2013
Бүгін Тұңғыш Президент қорында Қазақстанның беймәлім тұстары жария етілді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпіріндегі көрікті жерлерді фотоаппараттың аядай ғана көзінен көре білген шығармашыл топтың көрмесі ашылды.
Қазақстандық «Фото Сафари» тобы «Беймәлім Қазақстан» жобасын осы қордың қолдауымен жүзеге асырған. Шараның басты мақсаты – еліміздің сырға толы сұлу өңірлерін көпшіліктің назарына ұсыну. Фототілшілер Тянь-Шаньнан бастап Алтай өңірі, қарт Каспийге дейінгі аралықты екі жыл ішінде аралап, қайталанбас туындылар жасаған. Әсіресе кең байтақ еліміздің заңғар таулары мен үстірті, ну ормандары мен ондағы жан-жануарлары ерекше көз тартады. Болашақта туған өлкенің әсемдігін жан-жақты айғақтайтын шара жалғасын таппақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!