{metadescription}
0:000:00
Алматыда енді жарық сөнбеуі тиіс

Алматыда енді жарық сөнбеуі тиіс

Алматыда қаланың энергошеңбер құрылысы аяқталды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды жоба болып отыр. Жаңа электростанция бүгін іске қосылып, алып шаһардың маңындағы аймақтардың барлығына 220 кВ құрайтын қуат таратыла бастады.

Соңғы бес жыл ішінде 29 подстанция тұрғызылып жыл сайын 300 шақырым электржелісі жаңартылып отырған. Жаңа шеңбер енді қала сұранысын толық қамтамасыз етіп қана қоймай экономикаға жаңа леп бермек. Себебі Алматы облысының аудандары мен қаланың солтүстік бөлігінде өндіріс орындары ашылмақ. «Бесағаш» деген атауға ие болған подстанция жартылай ашық типте тұрғызылып, батыс және отандық өндірушілердің құралдарымен жабдықталған.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

23 млрд теңге жұмсалды осы жылдары. Осы подстанция және ТЭЦ-3 келетін линия және Ерменсайға баратын қашықтық 53 шақырым. Ендігі мақсат осы қосалқы подстанциясы дұрыс пайдалануымыз қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде