{metadescription}
0:000:00
Дәрігерлерді камерамен аңдығанымен қоймай тиісті ақысын да төлемеген

Дәрігерлерді камерамен аңдығанымен қоймай тиісті ақысын да төлемеген

Бүгін Атыраудағы Махамбет ауданының орталық аурухана қызметкерлері шу шығарды. Айтуларынша, бірнеше жылдан бері сауықтыру, психоэмоционалдық және басқа да тиісті төлемдердің бірде-бірі берілмеген. Бұл қалай деп сұрағандар басшылықтан қысым көреді екен. Тіпті аурухана ішіне бақандай 38 бақылау камерасын орнатып, соңғы кезде қызметкерлердің әр қадамын аңдып отыратынды шығарыпты.

Шыдамы шегіне жеткен ақ халаттылардың ашуын тудырған тағы бір жағдай – мұндағы хирургия мен терапия бөлімдерінің қосылуы. Екі бөлім біріккелі қызметкерлердің жұмысы да қиындай түскен. Науқас көп түсіп, қапылған кезде тіпті санитарлар мейірбикенің қызметін атқарады екен.

Анар Есмағамбетова, мейірбике:

-Жұмыс жасауға мүмкін емес, бізді бағумен отырады. Ауыр халдегі  науқас келсе, қайда жатқызарымызды білмейміз. Жұмыс жүйесі атымен жоқ. Шаршадық әдбен.

Ашуға мінген олар тіпті үстеріне киіп жүрген ақ халаттан бастап, аяғы сабынға дейін өздері сатып алады екен.

Халатқа дейін өзіміз сатып аламыз. Ұятсыздар өңкей кіл. Ақшаны жеп жатыр. Аузымызды ашсақ үстімізден арыз жазады. Әбден қорқытып тастады.

Мәселенің мән-жайын басшылықтың алдында анықтамақ болған қызметкерлердің әрекетінен түк шықпады. Бас дәрігер жұмыста жоқ болса, есеп-қисап жағын қатырып отырған бас есепші кабинетін іштен кілттеп алып, шықпай қойды. Аға мейірбике тілдесуден мүлде бас тартты.

- Жап есікті, кетіңдер әрі!

Ақ халаттылар әділдік іздеп, ақыры аудан прокурорының атына арыз түсірген.

Алтынбек Жұмабеков, Махамбет ауданының прокуроры:

-Орталық аурухананың бір топ қызметкерлері 22 қараша күні өздеріне сауықтыру жәрдемақысы мен дифференциалдық төлемнің төленетіндігін немесе төленбейтіндігін анықтап беру жөнінде арызданған болатын. Сол арыз қазір аудундық прокуратурда тіркеліп, сол бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тексерістен соң арыз иелеріне жауап беріледі.

Тексерістің қандай қорытынды шығарары әзірге белгісіз.Ал дәрігерлер бұдан нәтиже болмаса, Атыраудағы медицина саласының былығы туралы Астанаға барып арызданғалы отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде