Қайрат Нұртастың жанкүйері шартты мерзімге сотталды
Автор: Нартай Аралбайұлы
13.12.2013
Бүгін Қайрат Нұртастың концертінен кейінгі жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқандарға алғашқы сот үкімі шықты. Бұзақылығы үшін айыпты деп танылған 17 жасар бозбала. Сот 2 жылға оның құқығын шектеді. Енді жеткіншек құқық қорғау орындарының рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды, кеште жүріп-тұруына тіптен тыйым салынған. Осы іске қатысты құрықталған ондаған азаматқа да жуырда сот шешімі шығады деп күтілуде.
Тамыздағы тәртіпсіздік бойынша алғашқы жазаға тартылған осы жігіт, 17 жастағы Алматы облсының тумасы Мұхитдин Исламов. Топқа тас атып, шыныларды шағып, тәртіп сақшыларын тықсырғандардың сапында бақылау камераларына жүзі таза түскен екен. Сот үкімін естуге анасын ерте келген азамат қатты қобалжулы. Үкімді де еңсесін еденнен көтермеген күйі тыңдады.
Арман Жүкенов, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық соттың судьясы:
-Сот үкім етті Мұхитдин Исламовты ҚР ҚК 257 бабының 2 бөлімінде көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп тауып оған осы баппен 2 жыл мерзімде бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындалсын.
Үкімге айыпталушы тарап толық келісіп отыр. Бұзақылық жасағанын мойындаған жігіт апелляциялық шағым бермеймін деп кетті.
Талғат Қасымов, адвокат:
-Судья нақты көрсете алмайды нақты осы бала қанша шығын келтіргенін «Прайм Плазаға» Судьяда білмейді бізде білмейміз. Мына процесс толығымен бітпейінше, өзіңіз білесіз талай адам ұсталынды талай адам сотталады әлі.
-Ән мен әншіге деген риясыз махаббатының әсерінен қара басына әңгіртаяқ ойнаған 17 жасар жеткіншек сот шешімімен енді екі жыл бойы құқық қорғау орындарының қызметкерлеріне ескертпей қарыс қадамда баса алмайды. Кәмелет жасына толмаған Мұхитдин Исламов сот процесі барысында өзіне тағылған барлық айыптарды мойындаған болатын. Жалпы Алматыны басына көтерген сол түнгі бассыздықтарға 16 адам айыпталып отыр.
Ал Қайрат Нұртас қайрат қылмай әнін толық сайрап болмай сахнаны тастай кеткен түні белшеден шығынға баттық деген «Прайм- Плаза» ойын-сауық орталығының өкілдері келтірліген шығынды еселепті. Бұған дейін айтылғандай 9 емес, бастары бәлеге қап шетінін сотталып жатқан жігіттерден енді 29 млн теңге өндіріп беруді сұрап отыр. Арыз әкімшілік сотқа жолданды. Естеріңізге салсақ, тәртіпсіздік тамыз айында болған. Сүйікті әншілері көңілінен шықпаған топ сауда орталығын талқандап 90 адам жараланған-ды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!