{metadescription}
0:000:00
Бейбіт Шүменов кезекті жекпе-жекке дайындалуда

Бейбіт Шүменов кезекті жекпе-жекке дайындалуда

Алматыда грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы 1980-ші жылғы Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Шәміл Серіковты еске алу турниры жалауын көтерді.

Бұл додаға еліміздің 12 облысы және Алматы мен Астана палуандары қатысуда. 8 салмақ дәрежесінде белдесіп жатқан палуандар аянып жатқан жоқ. Грек-рим күресін жетік меңгергендер арасында халықаралық турнирларда жүлде салып жүргендер аз емес. Дәстүрлі турнирдің жеңімпаздарының есімі ертең белгілі болады.

 

Денис Тен- Сочи Олимпиадасы алдында спорттағы дарынды балалармен кездесу өткізді. Қазіргі уақытта жаттығуын Америка Құрама Штаттарында жүргізетін 20 жастағы спортшы интернат оқушыларымен өз көрген білгенімен бөлісті.

Соңғы екі халықаралық турнирда қоржынына қос алтын салған шебер енді басты бәсеке Сочи Олимпиадасына дайындалмақ. Спорттағы толағай табыс тек маңдай термен келетінін жеткізген қазақстандық жақында Тайваньға жол тартады. Қаңтардың аяғында бұл елде төрт құрлықтың кубогы өтпек. Бұл бірінші кезекте Олимпиада алдында соңғы дайындық деп есептеуге болады.

 

Кәсіпқой бокстан қазақ жастары арасынан шыққан бірегей жұлдызымыз Бейбіт Шүменов. Білген жанға Бейбіттің жеңістері, аузымыздан түспейтін Генадий Головкиннен кем түспейді. Екеуі де қазақ елінің кәсіпқой бокстағы шоқ жұлдыздары.

Жақында ғана словак Тамаш Ковачты нокаутпен ұтқан Бейбіт, өзінің чемпиондық белбеуін осымен бесінші рет қорғап қалды. Енді Дүниежүзілік бокс қауымдастығының бірінші ауыр салмақтағы суперчемпионы Шүменовті алда үлкен сынақ күтіп тұр. Бейбітті анау-мынау емес аты аңызға айналған Бернард Хопкинс жекпе-жекке шақырып отыр. Екі боксшының өзара таласқа түсетіндей жөні бар. Өйткені алдағы бәсекеде екі бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынбақ. Бірі Бейбіттікі десек, екіншісі 48 жастағы Хопкинске тиесілі Халықаралық бокс федерациясының чемпиондық белбеуі. Біріктірілген титулдық жекпе-жек шамамен келесі жылдың көктемінде өтуі мүмкін. Бұл жөнініде Golden Boy проумотерлік компаниясының атқарушы директоры Ричард Шефер мәлімдеді.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде