Қазақ тілін тегін үйрететін сайт ашылды
Автор: Гүлнұр Имандос
19.12.2013
Қазақ тілін енді онлайн режимде үйренуге мүмкіндік бар. Елімізде мемлекеттік тілді тегін оқытатын сайт ашылды.
«Soyle.kz» интернет-порталына кірген әр қолданушы дәл осындай қазақ әндерін тыңдап, бейнекөріністер тамашалай алады. Термин сөздерді қысқаша түсіндіретін аудиожазбалар да бар. Өлең шумақтары қарапайым. Тілді үйренушілерге оңай болуы үшін 6 жастағы баланың тақпақтары ұсынылып отыр. Әзірге сайтқа 20 сабақ орналастырылған. Айта кетсек, сайттың ашылуына қолдау көрсеткен Тұңғыш президент қоры.
Азат Шауеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
-Біз қоғамдық ұйымбыз бюджеттен бір тиын ешкім бөлмейді. Өзіміз іздеп жанашыр адамдардан қаржы алып солардан бөлінген ақшаны алып, аз ғана қаржымен осындай деңгейде жасадық. Алда да жалғастырамыз деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!