{metadescription}
0:000:00
 "Қазақстан аруы" байқауының нәтижесі ақшамен шешіледі

"Қазақстан аруы" байқауының нәтижесі ақшамен шешіледі

Елдің №1 сұлуы атағы сатылады! «Қазақстан аруы» байқауы өткізілгеніне күні кеше ғана еді, енді міне, сайыстан үлкен шу шығуда. Байқауға Атырау атынан қатысқан 16 жастағы Назерке Файзуллинаның айтуынша, үздік үштікке кіру үшін қыздардан 20 мың доллар талап еткен.

Бұл желтоқсанның 6-да Алматыда өткен «Қазақстан ару-2013» байқауынан көрініс. Жалпы 25 қыз бақ сынаған. Соның қатарында Атырау атыннан 16 жастағы Назерке Файзуллина қатысқан еді. Байқауға барын салғаны сонша бойжеткен тіпті жарты миллион теңгеге көйлек те тіктірген.  Бірақ бәрі бекерге кетті.  

Назерке Файзуллина, «Атырау аруы-2013»:

- Сайыс алдында ұйымдастырушылардың бірі қоңырау шалып, үштікке ілігу үшін 20 мың доллар беру керектігін айтты. Бірақ мен келіспедім. Қайдан білейін, өз күшіме сеніп едім.

Арадағы әңгімені Назерке телефонына жазып алыпты.

Диана Качиева, «ДиАл» модель агенттігінің директоры:

-Жалпы 25 адам қатысады. Соның 7-уі үздік саналады. Алдыңғы үштік 20 мың долларға бағаланса, кейінгілері үшін 10 мың беру керек.

Десе де сұлулық сайысының былығы мұнымен ғана бітпейтін көрінеді. Оған сіңілісіне қолдау көрсете Алматыға барғанда Альбина Файзуллина: «Өзім көз жеткіздім», - дейді.  

Альбина Файзуллина, Назеркенің әпкесі:

-Байқаудың мүлдем жабылуын талап етемін. Өйткені ақша алғандары өз алдына, байқау кезінде уәде еткендей міндеттер де орындалмады. Мәселен, қыздарды тұруға жарамсыз арзан қонақ үйлерге жайғастырды.  

Алайда бұның барлығын байқау президенті Алена Ривлина ойдан шығарылған деп отыр. Айтуынша, «Қазақстанның ең сұлуы» деген титулды сатып алу мүмкін емес.

Алена Ривлина, «Қазақстан аруы» байқауының президенті:

-Қазір байқаудың атын жамылып, көтеген алаяқтар ақша жасап жүр. Сондықтан, «егер орын сатылады» деп қоңырау шалғандар болса, бірден бізге хабар берсін. Ал біз олардың әрекеті үшін жауап бермейміз.

Ал «ақша сұрады» деп Атырау аруы айыптап отырған «ДиАл» модель агенттінің директоры тілдесуді құп көрмеді. Әрине, кінәсін де мойындаған жоқ. Айта кетсек, «Қазақстан аруы» байқауы төңірегінде шыққан бұл бірінші шу емес. Әлеуметтік желіде былтыр шымкенттік сұлу - Жазира Нұрымбетованың гауһар тәжді сатып алғаны айтылған еді. Сөйтіп, соңында Мәскеуде өткен «Әлем аруы» байқауына Жазира емес, басқа қыз барып қайтты.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде