Кәсіпкер келіншекті абысыны өлтірді
19.12.2013
Семейде кәсіпкер келіншек, абысынының қолынан қаза тапты. Марқұм мейрамхананы басқарған екен. Оңай жолмен олжаға кенелмек болған туысы оны өлтіріп, 1 жарым млн теңгесін қалтаға басқан. Кейін мәйітті қала сыртына шығарып, өртеп жіберіпті.
Марқұмның жоғалғанын айтып алғашында дабыл қаққан да осы абысыны екен. Арада екі күн өткенде иен даладан кәсіпкердің өртенген мәйіті табылыпты. Тергеу барысында оған туыстарының қатысы бары анықталған. Көп ұзамай қандықол келіншектің өзі қылмысқа қалай барғанын бүкпесіз баяндап берді. Туысының қол астында қызмет істеген күдікті әріптесімен келісіп кәсіпкердің үйіне келген. Оны буындырып өлтіріп, кейін мәйітін қала сыртына апарып жағып жіберіпті. 34 жастағы кәсіпкердің артында екі баласы жетім қалған. Қолын қанға малған әйел енді 20 жыл бостандық көрмеуі әбден мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!