{metadescription}
0:000:00
Әуежай қызметкерлері екі бірдей республикалық арнаның камерасын тартып алды

Әуежай қызметкерлері екі бірдей республикалық арнаның камерасын тартып алды

Астана әуежайының бірнеше қызметкерлеріне қатысты «ұрлық жасады», «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген баппен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Өйткені олар екі бірдей республикалық арнаның қымбат камерасын тартып алыпты. Сөйтіп редакциялық тапсырманы орындауға кедергі келтірген.

Түсіру тобы Астана халықаралық әуежайына арнайы медицина бригадасымен біргеТаиландттан келетін рейсті күтіп алуға барған. Ұшақпен Паттайяда зардап шеккен отандасымыз елге жеткізіліп жатқан-ды. Кенеттен белгісіз адамдар екі телеоператорды көлігіне отырғызып камерасын тартып алған. Кейін заңсыз әрекетке барғандардың әуежайдың авиация қауіпсіздігі қызметінің өкілдері екені анықталды. Қазір іспен желілік полиция бөлімі айналысып жатыр. Сөздеріне сенсек, 3 тәуліктің ішінде қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде