Талғат Мұсабаев тағы таңғалдырды
Автор: Жәудір Оразхан
19.12.2013
Жүрген жерін шулатып жүретін Талғат Мұсабаев тағы да таңғалдырды. Бұл жолы ол ғарышқа ұшу үшін Ресей азаматтығын алуға мәжбүр болған Мұхтар Аймахановты танымайтынын тіпті өмірімде көрмеген адамым деп отыр.
Талғат Мұсабаев, ҚР Ғарыш агенттігінің төрағасы:
- Ештеңе білмеймін.Ештеңе естіген жоқпын.
- Сіз жерлес ғарышкеріміздің басқа елдің азаматтығына өтуін дұрыс деп есептейсіз бе?
- Аймахановтың кім екенін де білмейсіз бе?
- Естіген жоқпын. Сізді кімді айтып тұрсыз? Білмеймін дедім ғой.
Шын-өтірігін кім білсін әйтеуір Мұсабаев тілшілерден тұра қашты. Бір қызығы ол Мұхтар Аймахановты «Роскосмостың» Халықаралық станцияға ұшатын ғарышкерлердің қатарына қосқанын да білмейтін боп шықты. Үкімет көкке самғауына ақша бөлмеген соң жерлесіміз отанын ауыстырып Ресей азаматтығына өтуге мәжбүр болған. Аймахановты «танымаймын» деп шалқайған Талғат Мұсабаевтың өзі де, кезінде Ресейдің атынан ғарышқа ұшқанын айта кетейік. Тек 2007 жылы Қазақстан азаматы атанып туған жеріне оралған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!