{metadescription}
0:000:00
Жантүршігерлік апаттан қаза тапқан жігіттің туыстары наразылық білдірді

Жантүршігерлік апаттан қаза тапқан жігіттің туыстары наразылық білдірді

Кінәлі жазасын алуы тиіс! Алматының қақ ортасында қара BMW-ның астында қалып, мерт болған Мұрат Қарабалиннің жақындары жүргізушінің қатаң жауапқа тартылуын талап етуде. Қара жамылған ата-ананың айтуынша, Мақсат Үсеновтің туыстары келуін жиілетіп, кешірім сұрапты. Бірақ баласынан көз жазып қалған отбасы кешірім бермейміз деп отыр. Сондай-ақ олар Үсенов әкесінің арқасында жазадан сытылып кете ме деп алаңдаулы.

-Мұрат Қарабалиннің ажалы Қабанбай батыр мен Масанчи көшелерінің қиылысында келген. Жол жиегінде емін-еркін сөйлесіп тұрған жастарды үлкен жылдамдықпен жүйткіген көлік қағып өтіпті. Мына бағана да BMW-ны тоқтата алмаған. Ол түбімен жұлынып, темір тұлпар кинотеатр алдындағы алаңнан бір-ақ шықты. Бірақ бұдан соң да ажал әкелген көлік тоқтай қоймапты. Жүргізуші кері айналып, жолға қайта шығуына баспалдақ кедергі жасаған екен.

Осылайша досының туған күнін атап өтуге келген Мұрат үйіне қайтып оралмады. Мынау оның соңғы сурет. Ал зардап шеккен өзге бес адамның жағдайы қазір жақсы. Бірақ Темірхан Игіліковті «А 001 AEN» нөмірлі қара БМВ 10 метр сүйреп өткен. Салдарынан қос аяғы қатты жараланыпты.

- Жазасын берсін. Барлығын Алла көріп тұр. Көз жасымыз жібермейді.

Ал суық хабар ести салысымен оқиға орнына жеткен Мұраттың анасы әлі күнге дейін баласынан көз жазып қалғанына сенгісі жоқ. Куәгерлердің барлығы жүргізушінің мас болғанын айтса да, сараптама Мақсат Үсеновтің ащы суды ішпегенін көрсеткені ана жүрегінде күмән тудырған.

Қалдыгүл Қарабалина,М.Қарабалиннің анасы:

–Ол деген мас болды деді. Сіз сенбеңіз деді маған. Сіздің балаңызды қаққаннан кейін машинадан түсе алмай, вывалился деді, құлап түсті деп. Сонда күлді дейді, хахылдап тұрып күлді дейді ана бала.

Жол-көлік апатында қыршын кеткен Мұрат Қарабалин Мазайзияда оқып келіп, жақында отбасын құрмақ болыпты. Қара жамылған отбасы тергеу ісіне атсалысып, куәгерлерді де іздестірген. Олардың сөзінше Мақсат Үсенов басқа көлікпен жарысып келген екен.

Асан Нүптілдә, М.Қарабалиннің ағасы:

–Төрт-бес камераға түскен. Жұрттың айтуы бойынша Лексус машинасымен қайта-қайта озып келе жатыпты.

Осыған ұқсас жол апаты 2009 жылы да орын алған. «Транстроймост» компаниясы бас директорының ерке ұлы Әлібек Қайымсұлтанов 3 адамның өліміне себепкер болды. 2 жыл шетеде бой тасалаған бай баласы кейін өз еркімен келіп, 7 жылға сотталған. Бірақ жазасының бір жылын ғана өтеп бостандыққа шықты. Мақсат Үсеновтің әкесі де «Экспо-2017» Ұлттық компаниясының білдей менеджері екенін ескерсек, оның да жазадан жеңіл құтылып кетуі мүмкін деп қауіптеніп отыр марқұмның анасы.

Қалдыгүл Қарабалина,М.Қарабалиннің анасы:

-Әкесі келді екі рет. Бірінші рет келгенде көңіл айтып келдім деді. Екінші рет келгенде бірден айттық кешірім деген, примирение деген болмайды деп.

Қазір Мақсат Үсенов тергеу изоляторына жабылған. Оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Тиісті автотехникалық сараптама 20 күннің ішінде дайын болуы тиіс. Сақшылардың айтуынша оның қорытындысы көлік апатына техниканың себеп болу-болмауын айқындамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде