Қазына қаржысын млд-тап жеген Бергей Рысқалиевтің ісі сотқа жетті
Автор: Жанар Низамутдин
19.12.2013
Мемлекеттің 71 млрд теңгесін қымқырды деп айыпталған Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жетті. 777 томды құрайтын қылмыстық істің алғашқы тыңдалымы алдағы сейсенбіде өтпек.
Бергей мен оның туған інісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалидың жетекшілігімен құрылған қылмыстық топ мүшелерінің қазір 11-і тұтқында отырса, 9-ы үйқамақта. Олардың ішінде Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарлары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров және Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов бар. Ал ағалы-інілі Рысқалиевтер мен тағы 9 сыбайласы қазір халықаралық іздеуде. Сот отырысының ашық немесе жабық түрде өтетіні әзірге белгісіз. Бірақ, Бергей Рысқалиевке терроризмге қатысы бар деген де айып тағылып жатқанын ескерсек, сот отырысының жабық жағдайда өтуі әбден мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!