{metadescription}
0:000:00
Жарылған құбырдан атқылаған  ыстық суға адамдар күйіп қалды

Жарылған құбырдан атқылаған ыстық суға адамдар күйіп қалды

Алматыда алапат апат орын алды. Қаланың тұрғындар көп шоғырланған ауданында жылу құбыры жарылып қайнаған су көше көшені бойлай аққан. Алаңсыз жүрген жұрт жаппай күйіп жан тәсілім етуге шақ қалды. Әбден тот басқан құбырды жауаптылар енді іске жарамсыз деп ақталып бағуда. Апат салдарынан қақаған қыста 57 ғимарат ыстық сусыз, жылусыз қалды.

-Алматыдағы алапат апаттан бері міне бірнеше сағат уақыт өтті. Төтенше жағдай орнына тайлы тұяғымен жеткен жауаптылар да апатты толықтай ауыздықтай алмауда. Әбден тоз-тозы шыққан жылу құбырындағы ыстық су әлі де көше бойлап атқақтап ағып жатыр. Қолда бар мәліметке сүйенсек бұл апаттан бірнеше адам зардап шегіп, бірнешеуі жансақтау бөліміне жеткізілген.

Түске таяу Алматының аспанын көлегейлеген буды алғашында жұрт тағы да өрт екен деп дүрліккен. Алайда оқиға орнына жеткен құтқару қызметі жылу құбырының тас талқаны шыққанын көрді. Тас жолды тіліп аққан ыстық суға құлап, күйген 9 адамды сарбаздар зембілсіз жедел жәрдем көлігіне тасыды, екі тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

Жанын қоярға жер таппай жан даусы шыққан азаматшадан бөлек апат орнының қапталындағы колледжде білім алатын 7 студент қайнаған суға күйген. Олар да ауруханаға әкетілді. Ал қаланың құбырларына басымен жауап беруі тиіс болғанымен құр босқа жүрген жауаптылар жарылған жылу құбырының мерзімі өтіп кеткенін жаңалық қылып жұртқа жайды.

Біреуге өмірі біреуге көлігі бас қайғы болды бүгін. Атқақтап атқан судан айналадағы темір тұлпарлар іске жарамсыз боп қалды. Бұдан бөлек, іргедегі автосалонның жертөлесінеде белуардан су толған. Ондағы су жаңа 10 автокөлік сатылмай жатып су астында қалды. Енді жөңкіліп жүріп кетуі мұң олардың. Жарылған жылу құбыры қыстың көзі қырауда айналадағы 57 ғимаратты жылусыз, ыстық сусыз қалдырды. Оның ішінде тұрғынүйлер мен колледж бар. Естері танып, етек жеңдерін жия алмаған қаланың шенділері шекпендерін шешіп келтірілген шығынды күні ертең есептей бастамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде