{metadescription}
0:000:00
«Құдалар»  күлкіге қарық қылмақ

«Құдалар» күлкіге қарық қылмақ

КТК арнасы «Құдалар» атты жаңа сериалдың түсіріліміне кірісіп кетті. Отбасылық комедия туыстар арасында жиі кездесетін текетірестер мен кикілжіңдер, жалпы қызықты жайттар жайында. Әзіл-қалжыңы жетіп артылатын туындыда ауыл қазағы мен қала қазағы қыз алысып, құда болысады. Нағыз қызық ауылдағы кемпір мен шал қаладағы шала қазақ туыстарына қыдырып келгенде басталады.   

Қыздары мен ұлдары Италияға қыдырып кеткен бұл құдалар жар дегенде жалғыз немерелеріне бас-көз болып бір шаңырақта қалған. Бірі – орысшадан тек он-ақ ауыз сөз білсе, енді бірі - қазақ тілін мүлде түсінбейді.

Қызу талас-тартыс күндіз де түнде де жалғасады. Тынымсыз құдаларды кілең танымал әртістер сомдаған. Ерболат Оспанқұлов, Гүлнар Аманжанова, Бақытжан Әлпейісов, Ирина Ажмұхамедова – тамаша төрттік сериал бойы күлкіге қарық қылмақ. 

-Сериал бүгін төртінші күн түсірілуде. Әртістер үй бетін көрмей, таңертеңнен қара кешке дейін осында екен. Ол түсінікті де, өйткені небәрі 3 айдан кейін құдалардың тұсаукесері болмақ.

Бақытжан Әлпейісов, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

-Ең бастысы, біздің қазақстандық сериалдарымыз аяғынан тұрып келе жатыр. Енді көрерменді өзіміздің төл дүниемізбен жоғалтып алған көрермендерімізді қайта тартсақ.

«Құдаларды» қазақ және орыс тілді көрермен де қатар отырып көрсе болады. Өйткені, әзіл-қалжыңы екі тілде де өтімді. Ендеше, сапалы әзіл-оспақты сағынсаңыз, КТК-дан жаңа сериалды жіберіп алмаңыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.