{metadescription}
0:000:00
Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғызылған үй құлағалы тұр

Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғызылған үй құлағалы тұр

Павлодар облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген жаңа үйлер жарамсыз болып шықты. Бір жыл бұрын салынған Новочернояркадағы баспаналардың қазір қабырғасы қақырап, еден-терезесі де тесілген. Ал атқамінерлер оны жөндетуге асығар емес. Жұмысты шала атқарған құрылыс компаниясымен соттасып жатыр екен. Жауапсыздықтың жүгін енді шалғайдан келіп, орталықтан үй алып қуанған жұрт тартып жатыр.

Өңір орталығына қарай ойысқан шалғай ауылдың тұрғындары қиындықтың көкесін былтыр көрген. Қой қамауға да жарамсыз қоршаулардың басы бар да аяғы жоқ. Ал, баспанаға бас сұқсаң, жағдай тіпті қиын. Жұқалтаң қабырғалардың арасынан жел азынап тұр.

Шәрбану Нұржанова, апатты үйдің тұрғыны:

-Былтырғы уақыттан, 2012 жылдан бастап, 1-ші қыркүйек күні көшіп келгенмін. Сол күннен бастап ол кісілер ешқайда бармаңыздар, арыз жазбаңыздар деді бізге. Бәрін тұп-тұйнақтай қылып істеп береміз деді. Енді бармаған жеріміз жоқ, баспаған тауымыз жоқ, шыны керек.

Тұрғындардың тартып жатқан тауқыметі бұнымен бітпейді. Мәселен мына отбасы жаздағы егістіктен тапқан-таянғандарын жаңа тұрақтың кем-кетігін түзеуге жұмсаған. Жыры бітпеген жылудан бөлек, мұнда жарық та дұрыс берілмепті.

-Бізге айтқан «Жаңа технология!» «Еростандарт!» деп. Білмеймін мынадай евростандартты, барлығы күйіп жатыр.

Мәселеден аудан басшылығы хабардар. Былтыр берілген жаңа баспаналардың кілттерін біреулер қайтарып жатса, тұрақтағандардың жартысына жуығы наразылықтарын қарша боратқан.

Нұрболат Сағандықов, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары:

-Бүгінгі күні анау кінәлі, мынау кінәлі деп айтатын емес. Біз бүкіл жағдайды түгел түсініп отырмыз. Халық сотқа берді, соттың шешімі шыққаннан кейін ол үйлерді біз қалпына келтіреміз.

Сыңғырлап тұрған сарайға келеміз деп, сағы сынғандар арызды облыстық прокуратураға дейін жеткізген.

-Осылайша ашық-шашық үйлерде күн кешіп жатқан тұрғындар талай құзырлы орынның табалдырығын тоздырып, әділдік іздепті. Ақыры кінәні мойындаған аудан әкімдігі қайта жөндеу жұмыстарына қаржыны келесі жылы қарастырамыз деп уәдені үйіп-төккен көрінеді. Ал, әзірге жабулы қазан жабулы күйінде қалып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде