{metadescription}
Ақтүтек боран бюджетті тағы шығынға ұшыратты
Ақтүтек боран бюджетті тағы шығынға ұшыратты

Ақтүтек боран бюджетті тағы шығынға ұшыратты

Қарағанды облысында дүлей бораннан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келген. Арқаның ақтүтек бораны әсіресе Теміртауды біраз есеңгіретіп кетті. Аялдамаларды қаңбақша ұшырған жел, үйлердің шатырын жұлып, электр желілерін зақымдаған.

Күшті желге әдеттегідей жаңа салынған үйлер шыдас бермепті. Шатырлары ұшқаны былай тұрсын, қабырғаларына дейін қақырап кеткен. Жұрт енді баспананы салғандардан қайыр күтуде. Ал коммуналдық қызметегілер шашылған шатырлар мен жел сүйреген аялдамаларды жинастырып жатыр. Боранға шыдай алмай шайқалып, артынан өртке оранған подстанциялар да жөнделе бастапты. Осының кесірінен қаладағы 25 көпқабатты және 150-ге жуық жер үйдің шамы сөнген. Мамандар енді тұрғындарға таңға дейін жарық беруге тырысамыз деп отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде