{metadescription}
0:000:00
Қазақ офицерлері  соғыс болып жатқан мемлекеттерге аттанады

Қазақ офицерлері соғыс болып жатқан мемлекеттерге аттанады

Қазақ офицерлері Африка мен Оңтүстік Американың қарулы қақтығыс болып жатқан мемлекеттеріне аттанады. Бүгін Парламент әскерилерді БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына жіберу туралы Елбасының ұсынысын бірауыздан қолдады.

Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс депутаты:

-Төрт мемелкетке 5 офицерден жіберуге келісім бердік, депутаттар дауыс беріп, Елбасының ұсынысын қолдады. Жалпы 20 офицер жіберіледі 1 жылға. Бір жылдан кейін олардың уақытын созып немесе қайтаруға болады. Бұл енді төрт мемелекет: Батыс Сахара, Либерия, Кот-д-Ивуар, Гаити.

Сарбаздар әскери қақтығысқа тікелей қатыспайды. Олар тек бақылаушы ретінде мемлекеттер арасындағы келісімдердің жүзеге асуына араласады және жағдайды БҰҰ-на баяндап отырмақ. Әзірге Африкаға аттанатын офицерлердің тізімі белгісіз. Олар жақын күндері қатаң талап бойынша іріктелмек. Жалпы, қазір БҰҰ-ның бітімгерлік күштері әлемнің түкпір-түкпіріндегі 15 әскери операцияға қатысуда. Ал, Қазақстан шетелдердегі қақтығыс аймақтына бұған дейін де әскерін кіргізген. Тәжікстанда, Иракта Қазбат жасағы әскери борышын өтеді. Ұрыс аймағы болған соң қауіп те бар. Дегенмен БҰҰ бітімгерлерінің қатарына қосылу кез-келген ел үшін міндетпен қатар үлкен абырой. Сондықтан Қорғаныс министрлігі жақын күндері тағы 150 сарбазды бітімгерлік күштер қатарына қосуды жоспарлап отыр.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Қорғаныс министрі:

-Миссияны орындау кезінде адам шығын болуы мүмкін. Бірақ біздің бақылаушылар соғысқа тікелей қатыспайды және қарусыз аттанады. Олардың негізгі міндеті - БҰҰ-на жағдайды баяндауға және мониторинг жүргізуге көмектеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде