{metadescription}
0:000:00
Кәсіпкерлерге күн көрсетпейтін органдар таратылуы мүмкін

Кәсіпкерлерге күн көрсетпейтін органдар таратылуы мүмкін

Орта және шағын бизнесті жөн-жосықсыз тексеру азаймаса бірқатар органдар таратылып тынуы мүмкін. Бүгін Елбасы осындай зілді ескерту жасады. Тіпті кәсіпкерлерге тыным бермейтіндердің атын атап түсін түстеуді талап етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-  Қашанғы айтам, анонимді арыздар қаралмайды. Тосыннан тексеріс ұйымдастыратындарды  бүкіл елге масқаралап көрсету керек.Қаржы полициясы мемлекеттік қызметкерлерді бақылау керек.  Бюджет қаржысының ұрланбауы үшін. Соларды  ұстаңдар, бизнесте шаруаларың болмасын. Бұлай істейік, салық комитеті экономикалық істермен, ал қаржы полициясы жемқорлықпен күрессін. 

Сондай-ақ, Елбасы кәсіпкерлік нысандарын жиі тексеруді әдетке айналдырған қадағалаушы орган өкілдерін жемқорлардың санатына жатқызып қатаң жазалауды ұсынды. Ал Үкімет бас прокуратураға бизнеске тосқауыл қоятын кедергілерді жойып, қолданыстағы заңға шұғыл өзгеріс енгізуді тапсырды. Мұндай міндеттерді Нұрсұлтан Назарбаев индустриалды инновациялық бағдарлама іске асырыла бастаған 5 жылдықты қортындылаған жиында айтты.Сондай-ақ телекөпір арқылы 10 зауыттың тұсауын кесті. Басқосу соңында «Алтын сапа» байқауы бойынша жеңімпаздар анықталды. Үздіктер қатарында биыл да «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы да бар.

- «Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын» номинациясында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ лауреат атанды. Жүлде компания директоры Қайрат Шәріпбаевқа тапсырылады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде