Қазақ балуандары Минскіде топ жарды
23.12.2013
Бүгін Беларусь астанасында қазақ күресінен 4- әлем чемпионаты жалауын түсірді. Минск боз кілемінде бес салмақ категориясы бойынша жиырма сегіз мемлекеттен 58 балуан күш сынасты. Сол бес категорияның бәрінде біздің балуандардың бағы жанды. 60 келіде Абзал Арыстанбеков, 70 те Ерлан Естеков, 80 келіде Ерсін Мұхамеджанов 90 келіде Мұхит Тұрсынов, ал ауыр салмақта «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров топ жарды.
Алдағы «Дакар-2014» ралли- марафонына Қазақстаннан төрт экипаж қатысады. Жүк көліктері додасында ел намысын дәстүрлі раллидің 2012 жылғы қола жүлдегері Артур Ардавичустің экипажы қорғайды.
Артур мен оның командасы биылғы марафонға жаңа көлікпен аттанғалы отыр. Олар мінген «ТАТРА» жүк көлігі жарыс жолына 542 нөмірмен шығады. Жол талғамайтын көлік мінген жігіттеріміз де осал емес. Пилот Айдын Рахымбаев пен штурман Владимир Демьяненко автокөлігі 356-шы, Бауыржан Исабаев пен Ғабдулла Әшімов 368-ші, ал Денис Березовский мен Игнат Фальков мінген темір тұлпар жарыс жолына 413 нөмірмен аттанады. Аргентина, Боливия және Чилиді басып өтетін «Дакар-2014»ралли-марафоны қаңтардың 5-18 аралығында өтеді. Автомотомарафонға қатысушылар осы екі аптаның ішінде 9 мың шақырымдық жарыс жолын артқа тастайды.
Италияда шаңғы тебуден Әлем кубогының 4- кезеңі мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні Алексей Полторанин мен Ниоклай Чеботько ел қоржынына күміс жүлде салып берді.
Командалық спринттен өткен бұл бәсекеде норвегиялық шаңғышлар Эльдар Реннинг пен Ола Виген Хаттестад жұбы үздік шықты. Оларға бары-жоғы 0,02 секунд ұтылған жерлестеріміз күміспен күптелсе, қола медальды Норвегияның екінші командасы иеленді. Әйелдер арасындағы командалық спринттің бас бәйгесі Финляндия құрамасының еншісінде кетті. Жартылай сында соңғы орында қалып қойған жерлестеріміз Анна Стоян мен Марина Матросова жұбы 11- нәтиже көрсетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!