Ктк арнасында жаңа жоба «ТойBestStar» –жаңажылдық тарту
23.12.2013
КТК арнасы жаңа жылдың қарсаңында көрермендеріне бұрын болмаған тосынсый әзірлеуде. Алдағы сенбінің кешінде жаңа «ТойБестСтар» шоуының тұсауы кесілмек. Той қонақтары – әйгілі әнші, композиторлар, актер мен режиссерлер және жұдырығы жуан спортшылар. Жобаның алғашқы мерекелік шығарылымына өнерімен Қытай халқын тәнті еткен әнші Тасқын қатысады.
Тасқын, әнші:
-Мен қазақпын. Қазақ болғаннан кейін қазақтың әнін айту керек. «Дудар-ай» деген менің ең жақсы көретін әнім. Ал бүгін «Дудар-айды» және қазақша, қытайша әндер, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» деген әнін орындаймын.
«ТойБестСтар» – көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын қазақ тіліндегі жаңа музыкалық жоба. Онда әйгілі өнер жұлдыздары мен спортшылар жаңа қырынан танылады. Сонымен қатар мұнда породия мен әуезді әндер орындалады. Эфирдегі тойды Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанова жүргізеді. 28 желтоқсанда сағат кешкі 19:15-те тек қана КТК арнасында өтетін тойды жіберіп алмаңыз.
Ермахан Ыбрайымов, Олимпияда чемпионы:
–Тойбастаркөңіл-күйді көтеретін сондай жақсы бағдарлама екен. Маған тойда қандай жағдайлар болатыны туралы сұрақтар қойды. Және қолыма қолғап киіп, компьютермен жұмыс істеу, қолтаңба беру, ақша санау сияқты қызықты тапсырмалар берді. Бәрін орындап шыққан сияқтымын. Көрермендер өздері айтар арғы жағын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!