Тұрғындардың мазасын алған ит қожайыны жауапқа тартылуы мүмкін
Автор: Әсем Қайратбек
23.12.2013
Өскемендік шенеуніктер үй жануарларын ұстау жөніндегі заңды қатайтуға кірісті. Жаңа ережелер пысықталып, қалалық мәслихатта қаралмақ. Бұдан былай көпқабатты үйдің тұрғындарының мазасын алған иттің иесіне айыппұл ғана салынбай, әкімшілік жауапқа да тартылуы мүмкін. Ал көршінің рұқсатын алмағандар төрт аяқтыларды асырап алудан қағылмақ.
Мынау Кристина Никитинаның төрт аяқты достары. Барлығын санағанда мұнда бес ит тұрып жатыр. Үлкен кішісі –бірдей сирек кездесетін текті тұқымдардан. Келіншектің өзі болса жаңа ережелерге пысқырғаным бар дейді. Көршілеріммен татумын. Осы уақытқа дейін ешкімнің мазасын алып көргем жоқ деп отыр.
Кристина Никитина, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Көршілерден рұқсат ал деп мәжбүрлейтін болса да бұл талапты орындаймын. Шенеуніктер де ескерсін, біз де заңды білеміз, және өз хұқығымызды қорғауға дайынбыз.
Жаңа ереженің дайындалып, қалалық мәслихатта қаралып жатқаны туралы хабар ит асырайтындар арасында тез тарапты. Енді ветеринарлық клиникалардың төлқұжаттары жарамсыз болып қалмақ. Түнгі уақытта көршілердің мазасын алған иттің қожайындарына салынатын айыппұл мөлшері де өспекші.
Заманбек Серікбаев, Өскемен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бастығы:
-Әркім өзінше қолынан келгенше паспорт беріп жатқан жолы жойылады. Оны енді біз береміз. Есіктің алдына, балалар ойнайтын жерлерге сиіп тышып жүгізе береді. Елдің мазасын кетіретін ондайлар көп.
-Ережелер әзірге көпқабатты үйлердің тұрғындарын қамтып отыр. Жобасы әзірленіп, қалалық мәслихатта қаралып та жатыр. Ит асырап алғысы келгендерге бұдан былай басты талап көрші қолаңның рұқсаты. Алайда, жеке сектор тұрғындары бұл ережелердің өздеріне еш қатысы жоқ екендігіне сенімді.
Ахметқали Көкебаев, Өскемен қаласының тұрғыны
-Үй мүлкімізді қорғау үшін ұстаймыз, ұрылар көп қазір, солардан жасқану үшін, этажды үйдегілерге болмаса, бізге жер үйлерде тұратындарға еш қатысы жоқ қой деймін.
Айта кету керек, бүгінде Өскеменнің көпқабатты пәтерлерін тұрақтаған ит пен мысықтың нақты саны белгісіз. Сондықтан, қайта құжаттандыру қолға алынбақ. Шенеуніктер тіпті құтырмадан егілмеген ит иелерін де жауапкершілікке тарту жағын қарастырып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!