{metadescription}
0:000:00
Шырша таңдар кезде абай болған жөн

Шырша таңдар кезде абай болған жөн

Қаптаған осындай қытайдың шыршалары адам денсаулығына қауіпті деп мамандар дабыл қағуда. Тоққа жалғанатын ойыншықтарынан от шығып жатқаны өз алдына, иісінің өзі бала ағзасына кері әсер етеді екен. Сондықтан сатып аларда бірнеше қағиданы ескерген абзал деп отыр.

«Жаңа жыл» десе кез-келгеннің көз алдына жасыл шырша елестейді. Әсіресе, үлкенінен бұрын кішісі күтетін қыстық кеште балақайлардың көңілі үшін шырша құрып жататынымыз бар. Бірақ мамандар абай болуға кеңес береді. Бір сәттік қуыныш үшін өмір бойы опық жеп қалмаңыз дейді. 

Айбек Смайылов, Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының маманы:

-Жаңа жылдық шыршаларды үйдегі балалар үшін аламыз. Сондықтан, бұл солардың денсаулығына зиянды. Таңдау кезінде аса мән беретін бояуы, жағымсыз иіс бөлуі және отқа қауіпсіздігі.

Қытай шыршасының да жөнін таңдау үшін дымқыл шүберекпен тікендерін сүртіп көріңіз. Егер жағымсыз иісі мүңкіп тұрса бұл жаңа боялғанның белгісі. Сондай-ақ, қауіпсіздік мақсатында шыршаның нық бекітілгенін байқаңыз. Темірлерінің ұшы бітеу екеніне де көз жеткізгеніңіз абзал. Безендірер ойыншықтарды да осы қағидамен тексеру қажет.

Зинаида Иванова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Менің ойымша кез-келген сауда нүктесінде шыршаға деген сертификаты болуы тиіс. Дегенмен үйге кіргізілетін зат қой. Балалар ұстайды, аузына салуы да мүмкін. Неге бұл жағы қарастырылмағанын түсінбеймін. 

Расында, елімізге жеткізілетін бірде-бір шырша мен жаңа жылдық ойыншықтарға сертификат берілмейді екен. Себебі, аталмыш тауарлар куәландыруға жатқызылмайтын көрінеді. Сондықтан, өзіңізді ең болмаса өз жолыңызбен сақтағаныңыз абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде