{metadescription}
0:000:00
Түрме басшыларының өзі абақтыға жабылды

Түрме басшыларының өзі абақтыға жабылды

Бүгін Оралда темір тордың жанынан құрылған қылмыстық топтың 8 мүшесіне үкім шықты. Олардың төртеуі түзету мекемесінің қызметкерлері. Шулы процесс 10 ай бойы жүргізілген болатын.

Түрменің қожасы атанған жазасын өтеушілердің бірі абақты бастығының екі орынбасарымен бірге қылмыстық топ құрған. Олар өңірдегі есірткі айналымын бақылап отырыпты.Түскен қыруар ақшаны ортаға салып шетінен өзге елдегі қылмыстық топтарға қаржылай көмекте көрсетіп келген. Ал темір торға арлы-бері ақша мен тауар өткізу абақты бастығының орынбасарлары жауапты болған. Қылмыскерлерді қорғаштап пайда табамыз деген төрт түрме қызметкеріне бүгін сот 8 жылдан кесті. Ал қылмыстық топтың басшысы болған Жәлиев 19 жылға ерекше режимдегі абақтыға айдалды. Қалған үш сыбайласы 9 жылдан 17 жылға дейін арқалады. Аталмыш 170/2 абақтысының бастығы қазір қызметінен босатылған. Оған қатысты да тергеу жүргізілмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде