"Тобыл" құрамын күшейтіп жатыр
Автор: Төлеген Жұмабек
24.12.2013
Қостанайдың «Тобылы» жаңа маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізуде.
Ел чемпионатын жетінші орынмен аяқтаған «Тобыл» әзірге жолдастық кездесулер өткізе қойған жоқ. Реті келсе, жиын соңына дейін жергілікті клубтардың бірімен күш сынасу жоспарда бар. Есесіне жаттықтырушылар кеңесі команданың қосалқы құрамына көбірек көңіл бөлуде. Осы мақсатта кезекті жаттығуда футболшылар өзара екіжақты ойын өткізді. Ысылған тәжірибелі футболшылармен өткізген ішкі бәсеке жастарға қосымша күш берері сөзсіз. Сәті келгенде айта кетейік, команда сапындағы молдовалық легионер Игорь Бугаев, қаңтар айында өз еліне аттанбақ. Молдова құрамасының бас бапкері Ион Карас, «Тобылдың» шабуылшысын ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енгізіпті.
Бітіспес қарсыластар «Арсенал» мен « Челси» арасындағы кезекті дерби тең ойынмен аяқталды. «Эмирейтс» стадионына жаиналған көрермен әдеттегідей бүгінгі матчтан қызықты ойын күткен.
Бірақ лондондық клубтар арасындағы теке-тірес олардың ойынан шықпады. Әсіресе, «Арсеналдың» жанкүйерлері жабырқаулы. Тоқсан минут ай қараған Арсен Венгердің шәкірттері, «Челсидің» қақпасына тура бағытталған алғашқы соққыны тек соңғы минуттарда ұйымдастыра алды. Мұндай ойын кімге ұнасын. Не керек есеп ашылмаған бүгінгі дербиден жанкүйерлер көңілсіз тарқасты. Ұпай бөліскен матчтан кейін «Арсенал» көш басындағы «Ливерпульді» қуып жетті. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша турнир кестесінде екінші келеді. Алдағы 18- турда «Арсенал» сырт алаңда «Вест Хэммен» , ал «Челси» өз алаңында «Суонси Ситимен» күш сынасады.
«Барыс» жаңа ойыншымен толықты. Канадалық шабуылшы Зак Хэмилл енді астаналық клубтың намысын қорғамақ.
25 жастағы хоккейшімен келісім маусым соңына дейін жоспарланған. Канаданың “Ванкувер Кэнакс” командасында өнер көрсеткен Хэмилл гол+пас жүйесі бойынша 21 кездесуде 9 ұпай жинаған. Сондай-ақ Ұлттық Хоккей Лигасында 20 матч өткізген канадалық төрт мәрте нәтижелі пас шығарған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!