{metadescription}
0:000:00
Сақылдаған сары аязда бүтін бір қаланың тұрғындары жылусыз отыр

Сақылдаған сары аязда бүтін бір қаланың тұрғындары жылусыз отыр

Екібастұзда көпқабатты үйдің тұрғындары жылуға жарымай зар илеп отыр. Қыстың қамын жазда ойламаған пәтер иелері кооперативі осымен бесінші жыл қатарынан бірнеше үйдің тұрғындарын дірдектетіп қойған. Ал, жағдайға қанық шенеуніктер құбыр жөндеу жұмысына атүсті қараған сол кооператив иелерін кінәлауда. Бітпейтін даудың кесірінен, енді апатты нысанның шаруасы аяқсыз қалып қойыпты. 

Қыстың көзі қырауда жылусыз отырған тұрғындардың жыл сайын көретіні осы – сыздан шіріп кеткен едендер мен көрпемен қымталған балкондар. Бұл ауданда осылайша аяздан қорғанып, дірдектеп тонып отырған жүзден астам пәтер иесі бар екен. Тақтайлары опырылып, қабырғасы сыз тартқан мына отбасы талайдан бері осылайша азап шегіп келеді. Үстіңгі қабаттағы көршілер тоңғандарын айтып таусылса, мұндағы жағдай мүлде бөлек. Жертөледен көтерілген бу қабырғаларды көгертіп жіберген. Үш жасар немересін бағып отырған Раушан Құрамаева билікке базынамызды айтып шаршадық дейді.

Раушан Құрамаева, Екібастұз қаласының тұрғыны:

- Шаршадық әбден. Қайда барамыз?! Көршілеріміз бәріміз не ғып, келіп жатыр, айтып жатырмыз. Бізге көмек жоқ ешқандай. Уәде беріп жатыр, келіп жатыр. Көмек жоқ. Қашанға дейін зарлай береміз көмек жоқ деп. Осылай күнімізді көріп, осылай күнімізді кешіп жатырмыз.

Қатарынан бесінші жыл берекесі кеткен үй тұрғындарының жуық арада жадырайтын түрі жоқ. Талай мекеменің табалдырығын тоздырғанымен, нәтиже болмапты. Ал шенеуніктер мәселені шешуге шамамыз жоқ деп қол қуысырып отыр.

Бахтияр Естаев, Екібастұз қалалық Тұрғынүй инспекциясының бас маманы:

- Әрекет болған кезде, КСК-ның төрағасымен сөйлестік, тұрғындармен сөйлестік, бірақ, тұрғындар мен КСК өздері ешқандай шара қолданбағандықтан біз мына жерде түк істей алмаймыз.

Пәтер иелері кооперативі жүргізілген жөндеу жұмыстарына қатыспаған, бәрін тұрғындардың өзі бүлдірген. Әкімдіктегліредің әзірге айтар уәжі осы ғана. Наразы жұрттың өкпе-назын жүре тыңдайтын кооператив өкілдерін де жұмыс орнынан таба алмадық. Ал тұрғындар бұл бассыздыққа бұдан ары шыдай алмаймыз деп ашынып отыр. Қашанға дейін төзетіндері тағы белгісіз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде