Назарбаев Кеден одағының саясилануын қатал сынға алды
Автор: Құралай Пионер
24.12.2013
Экономикаға саясатты араластырмайық! Бүгін Мәскеуде Қазақстан, Ресей және Берарусь президенттерінің қатысумен Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады.
Елбасы үш ел арасындағы экономикалық интеграциялық байланысқа ешбір әлеуметтік, денсаулық, көші-қон саясаты, мәдениет, білім, ғылым сынды салаларды араластырмау керек екендігін қадап айтты. Жалпы Назарбаев, Лукашенко мен Путин арасындағы бұл кездесуде экономикалық одақ шебінде атқарылуы тиіс жобалары талқыланды. Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылға арналған бюджетін келісу жұмыстары да талқыланды. Айта кетсек, бұған дейін де Ресей мен Қазақстан арасында екіжақты келісім жасалған бірнеше құжаттарға қол қойылған еді. Соның бірі, Ресей мұнайын қазақ жері арқылы Қытайға жеткізу болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!