Әблязовтың әйеліне қайтадан шетел асуға рұқсат етілді
Автор: Құралай Пионер
24.12.2013
Әблязовтың әйеліне шетел асуға рұқсат етілді. Еліміздің құқық қорғау орындары 47 жастағы Алма Шалабаеваның ешқайда кетпеу туралы қолхатын кепілақшаға алмастырды. Әзірге оның қанша сома төлегені құпия.
Айта кетсек, маусым айында қашқын банкирдің жары – Алма Шалабаева 6 жастағы қызы Алуамен бірге Италияда жалған құжатпен ұсталып, елген депортацияланған болатын. Апенин түбегіне ол Алма Аян есімді Орталық Африка Республикасының азаматшасы ретінде келіпті. Қазақстанға жеткізілген соң Шалабаева Алматыдағы туыстарының үйінде тұрақтаған-ды. Алайда кейін ресми Рим дипартациялау күшін жойып, Әблязов отбасын кері қайтаруды талап етті. Енді, міне, араға жарты жыл өткенде қашқын олигархтың жұбайы дегеніне қол жеткізіп отыр. Тіпті оған құзырлы орын тарапынан жаңа құжат алуға көмек көрсетіліпті.
Жанболат Үсенов, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Бұл шешім Алма Шалабаеваның жеке өтінші, сондай-ақ Италия үкіметінің үндеулері негізінде қабылданды. Италия Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!