{metadescription}
0:000:00
 Қайрат Нұртас үлкен сахнаға қайта оралды.  Әнші "ToйBestStar"шоуында өнер көрсетеді

Қайрат Нұртас үлкен сахнаға қайта оралды. Әнші "ToйBestStar"шоуында өнер көрсетеді

 Бұл жолы атышулы эстрада жұлдызы бағын КТК арнасының жаңа жобасында сынап көрмек. Жаңа жыл қарсаңында тұсауы кесілетін «ТойBestStar» шоуында әнші жан-жақты қырынан танылатын болады. Ал оны сынға алып, бағдарламаның сәнін кіргізетін қос сұлу – Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева.

Той десе барын салар қазақ бұл жолы да, яғни «ТойBestStar» шоуында аянбады. Өйткені, салтанатты кештің көңіл-күйін көрерменге жеткізу оңай іс емес. Мәселен, кез-келген тойда дастархан басында отырып-ақ талай қызыққа батарыңыз анық. Осы сәтті жауапты редакторлар телевизиялық нұсқа арқылы оңтайлы келтіруге тырысыпты.

Динара Адам, «ТойBestStar» жобасының продюсері:

-Бұл жоба КТК көрермендеріне бұрын-соңды болмаған, ешкім күтпеген, көрмеген тосын сыйлар әзірлеуде. Біз сахнамызға еліміз үшін еңбек етіп, шынайы өз атына лайық жандарды шақырамыз. Және кейіпкерлерге деген көрермен көзқарасын пародия арқылы жеткізбекпіз.

Талай шоудың атын шығарған азулы продюсерлер «ТойBestStar» да артта қалмасына сенімді. Өйткені, әр сенбілік кеште сан алуан кейіпкер келеді студияға. Әнші, актер, сыншы, спортшы дейсіз бе, іздеген тұлғаңызды осынан табатын боласыз. Ал оларды сан сауалдың астына алатын – Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаева.

Айгүл Иманбаева, Жанар Айжанова, «ТойBestStar» жобасының жүргізушілері:

- Кетем, кетем дегенмен, кете алмайсың сен менен. Шыр айналып жүресің!

- Осылай мені көндіріп қояды.

- Ертең көрермен бізді шын ұрсып жүр демесін. Сол үшін бетімнен сүйіп қойшы.

Әзілі мен сәні жарасқан қос бұрымды, шоудың басты қонағы, әрі тойдың сәні болар – асаба толықтырмақ.. Яғни, дәл осы тұлға студия қонағын жан-жақты тексеріп бағады. Бұл жолы тамаданың ұзын қармағына тойда ең көп сұранысқа ие әнші – Қайрат Нұртас түсті.

Қайрат Нұртас, әнші

- Маған қатты ұнап жатыр. Бұл жерде атақты адамдар келіп, өздерінің танымал әндерін айтып. «Тойбастар» деп жатыр ғой.

Айта кету керек, музыкалық шоуда әр кейіпкерге арнайы пародияда әзірленеді. Қазірдің өзінде «ТойBestStar» қонағы болып, өнер адамдарына арналған әзіл-сықақ көріністі әйгілі боксшы Ермахан Ыбрайымов пен Лидия Каденова алғаш көріп қайтты. Сонымен супер жоба алдағы сенбінің кешінде эфирге шығады. Қапы қалмаңыз көрермен!  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде