{metadescription}
0:000:00
Екіге бөлінген мұғалімдер ақша үшін қырқысуда

Екіге бөлінген мұғалімдер ақша үшін қырқысуда

Оңтүстік Қазақстанда мектеп директоры өзі басқарып отырған ұжымның қаржысын жымқырып жүр. 150-ге тарта қызметкердің айлығына ауыз салып үйренген басшы түрлі сылтаумен онсызда мардымсыз ақшаның 20-30 пайызын ұстайды екен. Мұғалімдердің сағатын қысқартып, қарсы келгендерді балағаттауды әдетке айналдырыпты. Шыдамы шегіне жеткен ұстаздардың бір тобы бүгін айқайға басты.

Үш жыл бойы үндемей келген Жетісайлық мұғалімдер бүгін ақыры бас көтерді. Оған өздері білім беретін 119-шы мектеп басшысының шектен шығып бара жатқан тірлігі түрткі болған. Директор онсызда мардымсыз жалақыға жұмыс істеп жүрген мұғалімдерден ай сайын ақша жинауды әдетке айналдырыпты.  

Ораз Хайтжанов, мектеп мұғалімі:

- «Нұр Отан» ғимарат салып жатыр екен. Соған беруіміз керек екен деп мың теңгеден жинап алды. Одан бір комиссия келе жатыр деді- дағы екі мың теңгеден жинады. Ол комиссия келсінда, көрейікта бет-әлпетін десек, жоқ біз Шымкентке барып, аузын жауып келуіміз керек тап екі мың дейді.

Бұл директордың екі айдың ішінде жинаған ақшасы. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған білім ордасының ұстаздары «үш жылдан бері көрген күніміз осы» деп ашынады. Ұстаздар директордың былығын айтқаны сол екен оқу орнындағы өзге мұғалімдердің бір тобы «директор ақша алмайды, ешқашан заңды бұзған емес» деп оны қорғаштап шыға келді. Алайда, бәрін өздері бүлдірді.

Ақша өлім-жітімге, тойға жиылады. –

Ал, келмеген комиссияға ше? –

 Енді кей-кейде жиналады. Мысалы да, ол жалғыз бізде емес,

 Ол Қазақстан бойынша.

 

-Мектеп ұжымы түбегейлі екіге бөлінді. Мұғалімдердің жартысы директор жағында болса, қалған жартысына енді ата-аналар қосылуда.

Мектеп алдындағы айғай-шуға жиналған ата-аналардың бірі оқушылардың алып отырған біліміне наразы, енді бірі директордың жұмысқа кіргіземін деп ақша сұрағанын айтады.

Ұлжан Бекмырзаева, Жетісай қаласының тұрғыны: 

Менің келінімді алдап, дипломды өзім әперем, мен сенің осы жерде лаборанткадан бастап жұмыс істеткіземін деп 280 мыңын алып алыпты бір күні. Оны неғыласың десем, мені жұмысқа кіргізеді деп. + Мен айттым мен сені өйтіп, мұғалім қылдырмаймын дедім.

Ал, даладаға айқай-шуды кабинетінен бақылаған директор Сәуле Ахметова болса өзіне қатысты айтылғанның бәрі жала деп бет бақтырмады. Ешкімнен ешқашан бір тиын да алмаған. Қарашаның мына қылығын ол өзіне қастық ойлағандардың әрекеті деп отыр. 

Сәуле Ахметова, мектеп директоры:

-100 мұғалім қол қойған. Барлығы қол қойған 10 мұғалім ұйымдастырып, арыз жазып отыр дедім ғой мен сізге және де 10 мұғалімнің 5-уі қайтып жазып алды деп отырмын мен сізге. Оларды осындайға итермеледі. Олар арызды оқымаған. Байқаусызда қол қойдық деп, қол қойып жазып беріп отыр.

Қазір, Сәуле Ахметованың төңірегіндегі дауға прокурорлар мен қаржы полицейлері араласып, тексеруді бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде