Абайсызда жындыханадан бір шықты
Автор: Аруна Ортай
26.12.2013
Көрген де, көрмеген де арманда! "Меломан" компаниясы жаңа жылдық мереке қарсаңында ғажайыпқа толы «Елки-3» фильмін көруге шақырады. Әйгілі комедия бұл жолы 8 бірдей кейіпкердің басынан өткерген қызықты оқиғалары жайлы. Жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда байқаусызда жындыханаға тап болмаудың амалын білгіңіз келсе, осы комедияны тамашалаңыз!
Ресейлік қос әзілқой биылғы Жаңа жылды да бірге қарсы алмақшы болады. Айтулы мерекеге санаулы сағаттар қалған. Бала қарап, әдеттегідей отбасымен шүйіркелесіп отырғанда, кенеттен екеуі жындыханадан бір-ақ шығады.
Кино Мәскеу, Петербор, Пермь, Новосібір, Уфа, Самара, Лондон, Нью-Йорк және Алматы қаласында да түсірілді. Онда жер-жерлерде Жаңа жылды асыға күткен адамдардың бастан кешірген оқиғалары көрсетілген. Бірі жындыханадан құтылудың амалын іздесе, енді бірі сүйіктісіне жете алмай әбден әбігерге түседі. Ал енді бірі - әскери борышын өтеуден қашады.
Тимур Бекмамбетов, продюсер:
- Құрметті КТК арнасының көрермендері, жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылдық сый ретінде сіздерге осы жаңа фильмді тарту етемін. Кино көңілдеріңізден шығады деп үміттенемін! Жаңа жыл тек табыс әкелсін!
8 түрлі новелла болғанымен, бұл кейіпкерлерді бір нәрсе байланыстырады. Олар Жаңа Жылдық ғажайыпқа сенеді. Картинаны бүгіннен бастап Сони, Дисней, Базелевс және Энджой Мувиз студияларының ресми дистрибуторы «Меломан» компаниясы еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіп жатыр
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!