Келер жылдың символы жылқыға құрмет көрсетілді
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
26.12.2013
Семейде келер жылдың символы жылқыға құрмет көрсетілді. Жергілікті биологиялық орталықта тұратын «Батыр» есімді Пржевальский тұқымына мектеп оқушылары түрлі сыйлықтар әкеп тарту еткен.
Қамбар ата төліне арнап оқушылар көкөністен жасалған торт ала келіпті. «Батырдың» жақсы көретін сәбізі мен орамжапырақтан әзірленген тағамнан дәм татып болған соң, бүлдіршіндер оның тұрағын әрлеуге кірісіп, қоршауын түрлі жылтырақтармен безендіріп шықты. Балалардың ықыласы ауған келесі жануар шетлендік пони болды. Мәстекті арбаға жегіп, оқушылар біраз жерді шарлап қайтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!