{metadescription}
0:000:00
Тегін ота жасалуда

Тегін ота жасалуда

Отандық медицинаның кезекті жаңалығы! Елімізде тұңғыш рет жүрек қан тамырларына ота жасалды.

Қазірдің өзінде операция жасатуға алдын-ала тіркеліп қойғандар көп. Жаңа әдіс бойынша, алдымен күретамырға жіңішке катетер енгізіледі. Соның көмегімен қолқаның кеңейген тұсына арнайы металдан жасанды тамыр қойылады. Аневризма, яғни, жүректен шығатын басты қантамыр қолқасы кеңейгенде көп мөлшерде қан кетіп, науқас аяқ асты көз жұмады екен. Диагноз ертерек анықталса өлімнің алдын алуға болатын көрінеді. Ота  ел аузында «Совмин» деп аталып кеткен, Президенттің іс басқармасы Орталық клиникалық ауруханасында  квота арқылы тегін жасалуда.

Сергей Мусаев,ҚР Президентінің іс басқармасы Орталық клиникалық ауруханасының хирургі:

–Қан тамыр қолқасы кеңейген науқасқа алғаш рет жаңа әдіспен ота жасадық. Оны мұқият тексеруден өткізген соң, ми мен жүрекке қан тасымалдайтын қолқаға протез қойдық. Емделушінің қан айналымы жақсарып, жүрегі белсенді жұмыс істеп тұр. Мұндай көмек кез келген азаматқа тегін жасалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.