Депутаттар төбелесті
Автор: Құралай Пионер
26.12.2013
Қырғыз депутаттары жаға жыртысты. Дәл мәжіліс үстінде шыққан төбелеске «Құмтөр» кен орынына қатысты қарастырылып жатқан жаңа келісім себеп болған.
Экономика министрі мінбеге шығып, баяндамасын бастағаны сол еді, оның сөзін депутат Өмірбек Текебаев бөлді. Бірақ осы сәтте министрді қорғап, Мұрадыл Мәдеминов орнынан тұрған. Қос депутат алдымен бірін-бірі балағаттаса, кейін тіпті жағаларына жармасты. Шектен шыққан әріптестер төбелесі өзгелерінің арашы болуымен әзер тоқталған. Ал дау туғызған жоба кейінге шегерілді. Айта кетсек, Қырғызстан үкіметі «Құмтөр» жобасы бойынша жаңа келісім жасап, оны парламент қарауына ұсынған еді. Ондағы мақсат – қанадалық алтын өндіруші компаниямен бірлескен кәсіпорын құрып, оның меншігін тең бөлу, жаңа жұмыс орнын ашу. Жоспарға сай іс 2014 жылы басталып кетуі тиіс болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!