Қауіпті ойыншықтар өртелді
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
26.12.2013
Семейде жылу қазандығына арналған отынның орнына ойыншықтар жағылды. Тәртіп сақшылары, адам өміріне өте қауіпті деп тапқан тауарлардан осылайша арылып жатыр.
Мың данадан асатын әртүрлі ойыншықтың бүгін біржола көзі жойылды. Олардың барлығы қала базарларынан тәркіленген. Қытайдан әкелінетін дүниелердің ішінде дені дұрысы жоқ дейді мамандар. Оларды тіпті шекарадан қалай өткізетіні де белгісіз. Тексеру барысында ойыншықтардың құрамынан жүйке жүйесіне кері әсер ететін қауіпті химикаттар табылған. Сапасыз тауарды саудалаған кәсіпкерлерге айыппұл да салыныпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!